Қазақтың шетелге танылуы

Бүгінгі таңда "қазақ" дегенде шетелдіктер Боратты есіне алады. Осындай надан стеоротипті өшіру мақсатында осы блогымда қазақтың атын шетелге танутыға ат салысып жүрген бауырларымыздың еңбектерін жазып кетпекпін. Әсіресе шетелде оқуда жүргендердің еңбектеріне аса көңіл бөлінмек.

1. Әміре Қашаубаев.

Жарқын ШӘКӘРІМ, әміретанушы, күйші: "1974 жылы Мәскеудегі мемле­кеттік орталық мұрағаттың жазылған дыбыстарды сақтау бөлімінен Әміренің 50 жыл бойы тасада жатқан дауысын тапқанда менен бақытты адам болмады.40 жыл бойы Әміре атын атауға тиым салынды. Ол тізімдегі адамның артынан жасырын аңду мен жазалау, өш алу қояды екен. Ұлт театрын бірге көтеріскен досы Серәлі Қожам­құлов Әміренің Парижден келген соң, бір-екі айдай жұмысқа бет-аузы көгеріп, көзі ісіп келетіндігін айтқан   еді."

2. Америкалықтар Ерболаттың "Мен қазақпын" өлеңін қазақша айтуда

3. UCTI универститетіндегі қазақтар халқымыздың әйгілі биі "Қара Жорға" флэшмобын ұйымдастырды.

4. Ванкувердағы студенттер еліміздің 20 жылдығына арнап "Қара Жорға" биін биледі.

Осылай қазақ атымызды әлемнің түкпір-түкпіріне аз да болса танытуға тырысып жатқан бауырлармыздың еңбектері ары қарай жемісті бола беруіне тілектеспін.



Бөлісу: