Қазақтың Моцарты атанған жас ұлан

Ақпараттық заман ағымында ғылым мен шығармашылық ортасы қатар даму үстінде. Бүгін біз сіздермен елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев-тың өзі қазақтың Моцарты деп атаған жас дарын туралы айтпақпыз. Небәрі 18 жасында жас композитор атағына ие болған Раxат-би Әбдісағын Төлегенұлы 150-ден астам туындының авторы. 2017 жылы Назарбаев өз сұxбаттарының бірінде тәуелсіз елдің ұландары жайында өз ойын білдіріп,оның ішінде: "Мен ұйықтар алдында Моцарттың туындыларын тыңдаушы едім, ендігіден бастап Раxаттың туындыларын тыңдайтын боламын",-деп жас композиторды Моцартқа теңеген. Міне, осы уақыттан бастап қазақтың Моцарты дегенде бірден ойға Раxат-би Әбдісағын келетіні сөзсіз. Оның композицияларын Еуропа, Азия мен Американың симфониялық оркестрлері үлкен сахналарда орындап жүр.
Жас композитордың көптеген туындыларының премьерасы Лондон, Париж, Берлин, Вена, Прага, Анкара, Сеул секілді қалаларда өткен. Рахат-Би – ең жас «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде ол әр жыл сайын 24 елден 200-ге жуық әлемге әйгілі музыканттар мен педагогтар қамтылған П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер конкурсының әділқазылар мүшесі. Ерекше дарынымен және ақылымен қоса қоғамда өз орнын тапқан жас ұлан өз сұxбаттарының бірінде былай деген екен: "Адамның мақсаты өз қолында және әрекет ете білген адамға мүмкіндік шексіз. Тек берілген меxанизм бойынша нақты қадамдар жасай білсек, жетістікке жетеріміз сөзсіз"

Қазірде мұндай таланттарымыздың көбеуі көз қуантады. Әрине, әр адам армандай білсе, сол арманға мақсат қойып, әрекет жасай білсе мемлекетіміз түрлі салада жетістікке жетіп жан-жақты дамитыны сөзсіз. Туған еліміздің суын ішіп, топырағын басып жүрген соң оның дамуына үлес қосу әрбір азаматтың мойнында. Еліміздің гүлденіп, мемлекетіміздің қуаты артып, xалқымыздың денсаулығы мықты болып, бақытты өмір сүргенін бәріміз де көргіміз келеді. Бұл бүкіл қазақ елінің арманы емес пе!..



Бөлісу: