Қазақтың қызы - қыздардың нағыз ханшасы!
Өзіміз түгіл өзгелер қарап сүйсінген,
Қазақы салтпен бойына дара күй сінген.
Тараған сонау ұрпағы болып жалғасқан,
Сақпенен қаңлы,жәнеде найман,үйсіннен.
Ажары сұлу,таңдағы шықпен арайдан,
Асып бір түсер,қызынан ханның сарайдан.
Сәулесін шашар жұлдыздай болып әрқашан,
Күн батып әркез мезгілде түнгі қарайғын.
Жанымен арын әрдайым берік сақтайтын,
Сенімге мықты құрбыны ешбір сатпайтын.
Намысты етіп,баласын бағып өсірген,
Бәйгеге шабар жүйріктей етіп баптайтын.
Қызына беріп үлгілі тәрбие бесігін,
Жарына адал биікте ұстар есімін.
Ибалы әрі бойында қанша күш жатыр,
Мейірімменен,сабырлық әрі кешірім.
Осындай сулу біреуі емес баршасы,
Қолыңнан келсе солардай билеп ән салшы.
Әлемде мынау оларға ешкім тең келмес,
Қазақтың қызы-қыздардың нағыз ханшасы...!