ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ

Жиналған гүлдердің әлемі,
Қазақтың қыздары әдемі...
Шымкенттің қыздары - қызғалдақ,
Шетінен қырмызы, бал еді...
Үндері бұлбұлдай әдемі,
Таралып шашының әуені...
Оралдың қыздары - жұпаргүл,
Жел тұрса білінер дәлелі...
Кереку аруы арманай,
Күлтесін жаңадан жарғандай...
Лаванда десе егер сеніңдер,
Иісінен елтетін бар маңай...
Өсірген ағасы әлпештей,
Қызылжар қыздары - нәркестей...
Жаныңнан кетседе алысқа,
Жұпары тұрады бар кездей...
Тереңге бойлаған өзегі,
Қалсада ызғарда төзеді...
Астана қыздары - малибу,
Бағасын өздері сезеді...
Басыма біткендей бақыт бұл,
Алматы қыздары - бақытгүл...
Күлкісі емшісі жүректің,
Еріні маңайға шашып нұр...
Мінезі жайдары, шырайлы,
Тек сенен жылулық сұрайды...
Ақтөбе қыздары - қараған,
Оларға күн көзі ұнайды...
Қалайша өтемін қозғамай,
Бітімі ерекше, толған ай...
Ақтаудың қыздары - сүмбілгүл,
Қол жетпес талайға болған ай...
Жазылмай арулар қалмасын,
Жігіттер тек сені таңдасын...
Өскемен қыздары - гиацинт,
Жүректің бұратын арнасын...
Жүзіне тамсаңсаң қарап бір,
Бетінен тұрғандай тарап нұр...
Көруге құштармыз көрмесек,
Тараздың қыздары - қалампыр...
Мен үшін туғандай анасы,
Өзгеше күлгені, қарасы...
Қызылорда қыздары - фиолка,
Қазақтың толғандай даласы...
Ешқашан көңілің қалмайды,
Көзімен көзіңді арбайды...
Қарағанды қыздары - бәйшешек,
Қыстада толтырар маңайды...
Ернінен бал дәмі таматын,
Жүректі жаулап ақ алатын...
Жезқазған қыздары - ландыштай,
Мәңгілік есіңде қалатын...
Жеткізе алмаспын сөзбенен,
Тым биік арманды көздеген...
Талдықорған қыздары - пиона,
Ерекше символы өзгеден...
Желменен бұрымы тербелген,
Арларын ешкімге бермеген...
Атырау қыздары - калладай,
Сұрасаң білмеген, көрмеген...
Әдепсіз қылыққа бармайтын,
Тағдырын ұлтына ранайтын...
Семейдің қыздары - сүмбіле,
Тек қазақ жігітін таңдайтын...
Құралып гүлдердің әлемі,
Жырланды арудың әдебі...
Мен үшін ғаламда тек қана,
Қазақтың қыздары әдемі...


Бөлісу: