Қазақтың қазақ аяғынан тартпасын

Қазақтың қазақ аяғынан тартпасын
жеке
блог

Өзім қатарлылардың үйіне қонаққа барғанда, баласын сөйлеткенді ұнатамын. Балалармен тілдесу арқылы ертеңіміздің бағдарын бағамдауға болады. Бірақ кім боласың деген сауалға мен бірінен бірі айнымайтын жауап естимін. Қандай дейсіз бе? "Президент немесе депутат боламын" дейді біздің болашақтарымыз. Алғашында кішкентай кездерінен арманшыл болып өсіп жатқан балаға қалайша сүйсінбеске деп ойлаушы едім. Бірақ қазір бұл сүйсінісіме күмәнмен қараймын. Президенттік орын біреу-ақ қой. Депутаттық орын да санаулы. Біз баланы кішкентайынан билік құмар етіп өсіреміз. "Алдымен адам бол, халқыңа қызмет ет, жеген наның адалынан болсын" деген қағидалар арқақ арманның көлеңкесінде көміліп қала береді. Осыдан келіп, билікке деген бақталастық, көрсеқызарлық пен күндестік пайда болады. Арманына кім қиянат жасағысы келсін?! Депутат болғысы келген бала өзінен биікке шыққан азаматты әрине аяғынан шалып қалғысы келеді. Себебі оның арманына өзге біреу жетіп қойды. Өмір-қиялдағыдан әлдеқайда күрделі. Балаға ең алдымен осыны түсіндіру керек. Меніңше, он жеті миллион қазақ мықты саясаткерді "өндіріп" шығарады. Бірақ ол саясаткердің аңсағаны алдынан шығып, елдік мұраты орындалуы үшін өзгеміз көмек беруіміз қажет. Ал біз қалай көмек береміз? Ғылым. Меніңше әр қазақтың шаңырағының астындағы кішкентай тұрғындар ғалым боламын деп армандауы тиіс. Ғылым- мемлекетті, ұлтты үстем ете алады. Ғылыммен эконмикалық, мәдени, рухани тұрғыдан озуға балады. Әр қазақтың бесігінде ғалымдар тербеліп жатсын. Ғалымға ата-ана да сай болуы тиіс.