Қазақтың Қадыр ақыны

Қазақтың Қадыр ақыны
жеке
блог

Бүгің Қазақтың Қадыр ақынының туған күні. Ақын тірі болса 80 жасқа толар еді. Мен оны еңбекқорлығы үшін бағалаймын. Қазақта ақын көп, бірақ Қадырдай еңбектеніп, өмірін өлеңге арнаған адам кемде-кем. 

Ақынның туған күніне орай өзім ең жақсы көретін бір өлеңімен бөліскім келіп тұр. Бұл өлең - байтақ далада ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір қазақ халқының мінез-құлқын шебер суреттеген туынды. 

Бабалардың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен.
Бір жаманы — тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы — қимаған даланы кең.

Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.
Бір жаманы — кетпенге орашолақ
Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.

Бір жаманы — кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы — күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы — қыздарын малға сатқан,
Бір жақсысы — сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы — сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы — абақты тұрғызбаған...

Бабалардың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен.
Бір жаманы — тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы — қимаған даланы кең.

Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.
Бір жаманы — кетпенге орашолақ
Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.

Бір жаманы — кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы — күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы — қыздарын малға сатқан,
Бір жақсысы — сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы — сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы — абақты тұрғызбаған...