Қазақтың жаңа үрдісі болсын!

    Қазіргі кезде киімдерге ұлттық нақышта оюлар салынып сатылып жүр. Бұл негізі керемет идея. Шет елдің қайдағы жоқ бір жылдардың жазуы бар, әншілердің суреті салынған ашық-шашық киімдерін кигенен, сол қазақы өрнектері бар киімді киген жөн. Ол бір жағынан ұлттық үрдісімізді жаңғырту, өз өнімімізге қолдау. Аса кымбат та тұрмайды. Сол шет елдің жарты қарыс киімімен бір бағада сатылады.

    Сонымен қатар, түрлі мәні бар сөздер мен ақын-жазушы, батырларымызды бейнелейтін киімдер қандай тамаша! Сондай киімдерді кие отырып, ақын-жазушыларымызды дәріптейміз, ұлттық рухтың да көтерілуіне себепші болады. Сондықтан да қазақылыққа ұмтылайық.

    Бір ескеретіні ондай киімдерді арнайы орындардан ғана сатып алған жөн. Себебі басқа бірен-саран кездесетін жерлерде көшірмелері болады. Ондай киімдердің сапасы нашар екенін ескерте кетейін.



Бөлісу: