Қазақтың хан-апасын еске алу кеші өтті

Қазақтың хан-апасын еске алу кеші өтті
жеке
блог

Өскеменде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, қазақтың хан-апасы атанған Қанипа Бітібаеваны еске алуға арналған «Ұстаз – тағдыр, ұстаз ғұмыр» атты кеш өтті. Сондай-ақ, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында еліміздің еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаеваға арналған кабинет ашылды.
Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», білікті ұстаз атанған Қанипа Бітібаева – 44 кітап, 150-ден астам ғылыми мақала, 8 мыңдай дидактикалық материалдың авторы болған еді. Осы орайда Қ.Бітібаеваның көзі тірісінде-ақ Моңғол Халық Республикасының «Даңқты ұстаз» атағының иегері, АҚШ-тың Туссон қаласы мен Аризона штатының «Құрметті азаматы» атақтарын алғандығын айта кеткен жөн. 
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінінің ұйымдастыруымен өткен шараға өлкедегі өнер адамдары, журналистер қауымы және студенттер қатысты. Кеш шымылдығын облыстық филармонияның «Алтай» ансамблі ашты. Сонымен қатар, бұл әдеби кеште ұстаз ғұмырынан сыр шертетін шағын спектакль сомдалса, ал Жамбыл мектеп-интернатының оқушылары жазушылардың, ғалымдардың Қ.Бітібаеваға арнап жазған сөздерін мәнерлеп оқыды. 
Блог - azhar_94: Қазақтың хан-апасын еске алу кеші өтті
Бұл күні Қ.Бітібаева туралы көз көргендер өз әсерімен бөлісіп, тағылымы мол, тағдырлы ұстаздың бізге беймәлім қырлары туралы баяндады. 
Блог - azhar_94: Қазақтың хан-апасын еске алу кеші өтті
Кеш барысында халықтың Қ.Бітібаеваға деген сағынышы, ерекше көңілдері байқалып тұрды. Осындай әдемі кештер арқылы қазақтың аяулы қызына айналған Қанипа мұрасы ұрпақ жадында жаңғыра түсері анық.
Егер ол арамызда тірі жүрсе, 1-мамыр күні күні 70 жасқа толатын еді.