Қазақтың біртұтас шежіресі. Керей

Қазақтың біртұтас шежіресі. Керей
жеке
блог

Қазақ халқы-еліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқының ертедегі тарихы туралы еліміздің ежелгі тарихында мол мәлімет бар. Мұндай деректер ежелгі парсы және грек тарихында да ұшырайды.

Қазақ халқы-ерте заманда еліміздің батыс өңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алабын және дешті-қыпшақ даласын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпалардың, атап айтқанда, сақ, үйсін, қаңлы, алаң, қимақ-қыпшақ, дулат, түркеш, қарлық, оғыз, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, жалайыр, алшын, т.б. тайпалардың түрліше тарихи даму дәуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте этникалық бірігуі, және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасты. Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақтың байырғы шежіресінде мол мәлімет сақталған, қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың аттары, тайпалық таңбалары, ұрандары және осы ру-тайпалардың шығу тегі мен таралу мән-жайын баяндайтын шежіре деректері талай дәуірді басып өтіп біздің заманымызға жетті. Бұл шежіре деректері, негізінен алғанда, жазба деректермен бір жерден шығып, оны толықтырып отырады.

Шежіре-( арабша шаджарад-бұтақ, тармақ )-халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарихи ғылымның бір тармағы. Шежіренің негізгі мақсаты-лек-легімен дүниеге келіп жатқан ұрпақтарымыздың: «біз кілебіз, қайдан келдік, ата-тегіміз кім, олар қандай жерді мекендеген, қандай ел болған? Қандай мемлекет құрған, немесе қандай мемлекеттің құрамында болған? Бабаларымыз адамзаттың тірлігіне қандай үлес қосқан, дүние жүзіне мәшһұр ғаным, жауынгер-жаһангер, жаһанкез бабаларымыз болуы ма? Шежіре осындай сауалға жауап берсе керек.

Орта жүзге-Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат тайпалары кіреді. Соның ішінде «Керей» руына тоқталсақ.

Ру дегеніміз-алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстардың тобы. Керейлер де Орта жүздің данышпан, көне, ең ірі тайпаларының бірі, XIV-XV ғасырларда Жетісу мен Тарбағатай, сондай-ақ Ертіс өзені бойында, Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендеріне дейінгі өңірде өмір сүрді. Олар туралы мәліметтер XIII ғасырдағы моңғол деректерінде, Рашид ад-Диннің шежіресінде және басқа деректемелерде кездеседі. Қазақ халқының құрамына енген басқа тайпалармен қатар, керейлер де халықтың әскери-саяси тарихына, оның экономикалық, әлеуметтік, рухани қалыптасуына белсене қатысты. Жоғарыда аталған этникалық құбылыстарға байланысты бұл тайпаның жекелеген рулары өздері мекендейтін негізгі аймақтармен қоса басқа тайпалардың, тіпті басқа жүздердің аумақтарына да қоныстанды. Рулық бөлінісі жөнінен керей тайпасы екі ірі: ашамайлы және абақ бірлестіктерінен тұрады. Ашамайлылар Шыңғыс-ханның күшейе түскен моңғол державасы мен керейлердің (керейіттер) қақтығыстары кезеңінде шығыс аймақтардан Қазақстанның солтүстігіне қоныс аударған керейлер. Абақтар монғолдар қолының қысымымен солтүстік-батыс Монғолияға кеткен керейлердің Шығыс Қазақстан аумағында қалған үлкен бір бөлігі. Сондай-ақ халық арасында "Абақ-ана" туралы аңыздар кең таралған. "Абақ Ана"-Орта жүздің Абақ Керейі - он екі ата Абақ деп аталады. Олар Ш.Құдайбердіұлының айтуынша: Жантікей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Ителі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ. Бұл он екі ру өздерінің Анасының атымен "Абақ Керейлер" атанып кеткен. 

Халық арасында қазақ тайпаларының, руларының, соның ішінде абақ-керейлердің де шығу тегі туралы төмекдегідей аңыз айтылады. Кез келген генеалогиялық негіз сияқты, төменде келтірілетін аңыздың да мифологиялық сипаты бар және бір-бірімен араласып кеткен сансыз көп нұсқалардың бірі болып табылады. Бірақ мұндай шежірелердегі басты нәрсе сол оларда халықтың этникалық сана-сезімі сақталады және руды құрайтын ұрпақ өкілдері өзгеріп, белгілі бір тайпаға жатқызады. Мұндай аңыздардан қазақ тайпалары мен руларының сандық құрамын, шығу тегін айқындап беретін мәліметтер табуға болады. Аңыз бойынша Байқұтанның үш әйелі болған: бәйбішеден Арғын, Найман, тоқалынан Уақ, Керей, үшінші әйелінен Қоңырат, Қыпшақ туған. Бұл шежіреге қарағанда Уақ Керейдің ағасы, керейлермен көшіп-қонып жүрген, солардың арасында ерекше сый-құрметке бөленген. Керейдің, аңызда айтылатынындай, Абақ атты сұлу да ақылды әйелі болған. Осы әйелінен Әбілғазиз есімді ұл туған. Көп кешікпей Керей өледі де, Абақ жеті жасар баласымен жесір қалады. Әмеңгерлік жолымен Уақ Абақты әйел етіп алмақшы болады, бірақ батыл, ақылды, сұлу әйел оған көнбейді. Уақтың күдерін үзу үшін ол ұлын балаларға арналғап ашамайлы ермен ерттелген атқа отырғызып, ұлы жүздің үйсін тайпасындағы төркіпіне кетіп қалады. Бұл жердегі қазақтарға мұсылман дінінің қанат жая бастаған кезі екен, үйсіндер арасында шыққан тегі өзбек Қарақожа имамның ықпалы зор болған деседі. Бірде алдап-арбап, енді бірде қорқытып, сол имам Абақты өзіне тоқалдыққа тиюге мәжбүр етеді. Осы некеден ұл туып, шешесі оны бұрынғы күйеуінің есімімен Керей деп атайды. Ер жеткен соң Әбілғазиз өгей әкесімен сыйыса алмайды. Ол шешесі Абақты алып, Сарыарқаға көшіп кетеді. Уақыт өте келе Әбілғазиз көркем, он саусағынан өнері тамған, шешен де тапқыр жігіт болып өседі, сол үшін оған «шешен» деген ат беріледі. Осы аңызға қарағанда ашамайлы-керейлердің арғы атасы Абақтан таратылады. 

Таңба-Қиыр Шығыстан Жерорта теңізіне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені жайлаған, Еуропаға жойқын шабуыл жасап, Рейннен атын суарған түрік тайпаларының ерекше бір белгісі, мөрі, әрі жазу үлгісі болып табылады. Таңба-әріп жазу, малға басылатын тамға, мөр ретінде қолданумен қатар лауазым орнына де жүрген.

 Керей руының жалпы таңбасы, «+,Х» ашамайлыда, ұраны « Қара Қожа, Ошбай ». Зерттеушілер бұл ру аттарын олардың таңбаларына қатысты өрбіген атау болуы керек деген пікірге ден қояды. Ашамай – қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «балаға арналып, екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып жасалған ер». Ру таңбасындағы «Х» әрпіне ұқсас белгі соны көрсетеді. Сондай-ақ ғалымдар арасында «ашамай» таңбаны керейлердің баяғыдан несториан дінін ұстанған кезінен қалған бір белгі деп – «крест» таңбасынан, ал «абақ» сөзін түрк-моңғол тілдеріндегі «қандас туыстар одағы» деген мағынаны білдіретін.