Қазақтың бақытына туған ұл

Қазақтың бақытына туған ұл
жеке
блог

Қазақтың бақытына туған ұл

(М.Шахановқа арнау)

 

Тарихын тасқа жазған Ер Түріктің,

Бүгінде ұлағатты сертін ұқтым.

Бертінде бабалырым жауға шапқан,

Асынып бес қаруын беркініп мың.

 

Шыңғыстың Шағатайы  қарманып ап,

Жанарды кеткен кеше қанға бұлап.

Отырар жұрты кеше берілмеген,

Түрген соң алты ай бойы арға құлақ.

 

Ойраннан опат болған Отырардың,

Жанарға жұрты жаққан отын ардың.

Бір ұлын сол Отырар бізге берген,

Ерлікпен ел тарихы  оқылар күн.


Қазақтың қазақтығын сақтау үшін,

Қазаққа жеткізді ол хақ дауысын:

«қазағым қазақтығын нақ танысын,

Деді де білек түріп бастап кетті,

Кешегі желтоқсанды ақтау ісін.

 

Кешегі қытымырлық ойды арбаған,

Санаға салып қойды ойларды алаң.

Ұлыстың ұлы күнін қайта әкелді,

Алпыс екі жыл бойы тойланбаған.

 

Тауып ап жыр етудің жақсы ретін,

Жырлаған  тәубешіл ел тақсіретін.

Ең алғаш ойлаған ол шын қамығып,

Балқаш пен Аралымның қасіретін.

 

Соқпақты сонау жылдар  дүрбелең де,

Күшіктер билікқұмар  үрген елде.

Бір өзі қарсы болды атып тұрып,

«Орыс-қазақ мемлекеттік тіл» дегенде.

 

Ұғынсын ұлағатты қазақ мұны,

Тілінен көрінеді ел азаттығы.

Сонда ағам жиынына сөз қатты ұлы:

«Қазақтың азат туы тұрған кезде 

Елдік тіл болу керек қазақ тілі».

 

Бүгінде әлем білген Мұхтар атын,

Биіктің биігіне шыққан ақын.

Қазақтың қамын ойлар сәттер де көп,

Содан ғой қайыстырған жүк қанатын.

 

Төгетін төгілетін нұрға нұр шын,

Қазақтың әр ұлына шын бауырсың.

 Ғасырда бір туатын ерек адам,

 Қазақтың бақытына туған ұлсың. 

Оразбай.Ж