Қазақтың әдебиеті мен өнері жастарға қалай әсер етуде?

Қазақ әдебиеті мен өнері құндылықтарға бай және көп қырлы мұраларға ие екені барлығымызғы белгілі. Ұлттық мәдениетіміздің негізін қалауда әдебиет пен өнердін маңызы зор болып табылады. Қазіргі замның өзекті мәселелерін зерттеуде олар ерекше орын алады ма? Ал заманауи жазушылар ежелгі әдебиетімізді, ұлттық құндылықтарымызды жаңа қырынан көрсетуде ме?  Бұл сұрақтын жауабын табу үшін жастардын әдебиет пен өнерге деген көз қарасын тануымыз керек. Сонда ғана қазіргі замандағы рөлін түсінеміз.

Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың шығармашылығы ұлттық әдебиеттің іргетасын қалады. Оның "Қара сөздері" мен өлеңдері философиялық тереңдігімен, өмірдің мәнін іздеумен және адамгершілік құндылықтарын дәріптеумен ерекшеленеді. Абайдың шығармалары қазақ халқының рухани және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады. Абайды танымайтын жастар жоқ деп есептеймін. Қазірде мектеп қабырғаларында оның көп шығармаларын талдап, өлеңдерін жаттайды. Қазақ әдебиеттінін негізін қалаған бірінші кірпішті білу, жастардың адебиетке, өнерге қызығушылығын арттырады.

“Әдебиетке байланған жастардың тілі де байланады. Олар сөйлер алдында ойланып, сөйлемдерін анық және нақты құрайды. Осылайша жас ұрпақ әдебиет арқылы ойларын тиянақтап, еш қиындықсыз жеткізе алады.” – Нұртай Ерланұлы (16 жас).

“Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясы қазақ әдебиетінің алтын қорына енген шығармалардың бірі. Бұл туынды қазақ халқының өмірі мен мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін терең түсіндіреді. Әуезовтің шығармашылығы ұлттық әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты деп есептеймін”- Батырхан Талшын (17 жас).

Ерболат Төлепбай - заманауи қазақстандық суретші, оның туындылары ұлттық мәдениет пен қазіргі заманның өзекті мәселелерін қамтиды. Төлепбайдың шығармалары халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып, заманауи өнердің дамуына үлкен үлес қосуда. “Тренд” артынан қуған жастарға заманауи түрде қазақтын ежелгі өнерін көрсете білу екі-бір адамның қолынан келе бермейді. Алайда Төлепбай ағамыз осы істін маманы деуге болады. Проблемаларға осындай көз қараспен қарап, шешім ұсына білу жастарға оң әсерін тигізуде.

Айта келе расыменде қазақ халқы әдебиет пен өнердін қайнар көзі деуге болады. Осындай қазына жастарға тек жақсы жағынан әсер етеді. Классикалық шығармалар ұлттық мәдениетіміздің негізін қалап, қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерттеуде маңызды рөл атқарады. Заманауи жазушылар мен суретшілер ұлттық құндылықтарды жаңа қырынан көрсетіп, өнерді жаңа деңгейге көтеруде. Өнер мен әдебиеттін заманауи тұрғыда кейіп алуы олардың жоғалып кетпей, тек дамыйтынына кепілдік. Бұл болашақта жастарға оң әсерін тигізетін болады.



Бөлісу: