"Қазақты құртып жүрген жалған патриотизм"

Бір танысым шағын жиында отырып алып,шетелде оқитын қызының патриоттығын жыр қылды.Ол қыз Еуропадағы түрып жатқанпәтерінің қабырғасына Қазақстан картасын іліп қойыпты екен.Еліміздің туын жазу үстеліне орнатыпты.Қақ төрінде Елтаңбаны қондырыпты.Жуықта ғана ардақты әкесінен қамшы мен домбыра,шапан сұратып алыпты.

Қысқасы дастарқан басындағылар риза болып,жылауға шақ қалған екен..."Осындай қыз тәрбиелеген сізге рахмет,ой бәрекелді!"десіп жатты.Арамыздағы біреу тұрып "Қызыныз қай курста?"деп сұрады."Бітірген"-деді танысым."Енді елге келмей ме?."А что она здесь потеряла?"-деп танысымның шошып түспесі бар ма?

Айтуынша оның "дана"қызы мұндай мешеу басқаша айтқанда надан жұрттың мандайына сыймайды екен.Оның жиған білімінің қадірін тануға мұндағы қазақтардың өресі жетпейді... тағысын-тағылар.Міне патриотизм жайындағы кейбір қандастардың түсінігі мен ойы осындай екен.



Бөлісу: