Қазақтардың таптаурындары

«Қазаққа тән емес», «Ұят болады», «Менталитетімізге жат» деген сөздерді жиі еститін болып кеттік соңғы кезде. Ғаламда, жарайды ғаламды қойшы елімізде өте үлкен өзгерістер болып жатқандықтан бұл сөздердің жақын арада сөздік қорымыздан кетуі де екі талай. Ол қандай өзгерістер? Ұсағынан бастап ірісіне дейін теріп жазсам бұнда сыймай кетері анық, сондықтан көптін көкейінде жүргендерін, аса үлкен дау туғызып, шынымен де  маңызды мәселе болып кеткендерін ғана кезектеп айтып өтуді жөн көріп отырмын. Әрине бұл жерде мен тағы да  өзімнің субъективті пікірім мен ол жағдайларға тек өз көз-қарасыммен ғана баға беремін.

1.      2015жылы дебют алған 91 тобы және олар ала келген жаңа мәдениет.

Иа осы бір топтың шоубизнеске енуі шынымен де интрига, шынымен де қазақ эстрадасындағы үлкен бұрылыс болды. Олардың келуі барша әнсүйір қауымды екіге бөлді. Жақтаушылары – Иглздар, даттаушылары – Хэйтерлер атанды. Жаңа топқа  деген халықтың көз-қарастары да эстрадамызға келіп-кетіп жатқан көп әншілердікіндей емес, тым бөлек. Олар келгенге дейінгі эстрадамызды тыныш жатқан теңіз десек, олар әкелген жаңа мәдениетті дүлей дауылға теңеу артықтық етпес. Себебі олар аттарымен де, заттарымен де, киім және ән айту стильдерімен де басқалардан қатты айрықшаланды. Топ продюсері Ерболат Беделханның басты фишкасы да осы еді. Кезінде «Орда» тобының мүшесі әрі продюсері болған ол бар білгенін, өмірлік  тәжірибесін 91ге салды. Көпшілік оларды әдеттегі кастингтерден өтіп сахнаға шыға салды, жай ғана боялған шаштары мен сырғаларының арқасында хайп жасап таныла салды деп ойлайды, алайда «Беделханның бестігі» бұл жолға оңайлықпен келе салған жоқ. Топтың әр мүшесінің биографиясын оқысаныздар туған жерлері де, жастары да әртүрлі, көбініз ойлайтындай олардың барлығы 91-ші жылғылар емес. Кастингтен өткенде біреуі жиырмадан асса, енді біреуі кәмелеттік жасқа да толмаған еді. Өздерінің айтуларынша олар дебютке дейін екі жылдан астам уақыт дайындалған. Ол дайындықтары тек ән мен биден ғана емес, сондай-ақ психологиялық тұрғыдан да болған, себебі қарапайым қазақ жігіттерінен нағыз айдолдарға айналу үшін ең біріншіден үлкен күш-жігер мен батылдық керек. (Олардың фанаттары ретінде әрқайсысының өмір жолын да жазып беруге дайынмын, алайда тақырыптан ауытқымай түпкі мәселені қозғағаным жөн болар). Иә, жаңағы жазған сөзімнен «Айдол» дегеннің не екенін бірініз ұқсаныздар енді бірініз ұқпай қалған шығарсыздар. «Айдол», «Идол» сөздері жапон  тілінен енген, тура аудармасын білмесем де  қандай мағына беретінен хабардармын. Қысқаша айтқанда шаштарын бояп, сырға тағып, өзгелерден ерекше киінетіндерді «Айдол» деп атайды, міс. Үлкен буын аға-апайларымызды ашындырған да осы бір айдолдық стиль. Тіпті бұған қарсы шығушылықтардың соңы көтерілістерге ұласып, көпке аттары әйгілі тұлғаларымыздың өздері бұған өз пікірлерін айтып, жоғарғы органдарда да 91-дің жайы талқыға салынған болатын. Әншейінде теледидарға немесе телефонға телміріп, бесіктен белдері баяғыда-ақ шығып кетсе де ата-анасының тамақтарына ортақтасудан ұялмайтындар, желкелерінің шұңқырлары тереңдігінен қара шайға да тиын табуға әлдері келмейтіндер мен әйелдерінің көздерін көгертіп ащы суға ақша сұрайтындардың барлығы 91ді көрді де шеттерінен намысшыл, шеттерінен еркек бола қалды. Жолдарды тегіс жөндеп, ғимараттардың бәрін салып, халықты жұмыспен де, баспанамен де қамтып тастаған кей еңбекқор шеңеуніктеріміз іштері пысқаннан 91-дің тәрбиесімен айналысуға кірісіп кеткен еді. Оларды тыңдамайтын, дауыстарын ести қалса  «Өшір»-леп байбалам салатын «Счастливая мамалар» Отбасы ошақ қастарында басқа жұмыстары жоқтай  олардың Инстаграмдағы парақшаларына кіріп ең ауыр комментарийлер жазудан ешқашан жалыққан емес. Неге? Осының барлығы не үшін керек? Қазақ қазақты мойындайтын заман қашан туады? Жарайды аға буынның 40пайызы мағынасы болсын болмасын қазақ әндерін тыңдайды, сол арқылы өз патриотизмдерін көрсетеді, ал қалған 60пайызы ше? Мысалы менің ата-анам үшін қазақта есі дұрыс әнші жоқ. Мейлі ол 91 болсын, мейлі ол Роза Рымбаева болсын. Олар үшін ен керемет әншілер өз замандарының Найнтиуандары* - Юрий Шатунов, Алла Пугачева, Софи Ратару және тағы да басқа ресейлік және өзге де шет елдердің феномин әншілері. Өкініштісі, бұл тізімде бір қазақ әншісінің есімі кездеспейді. Ал болашақта біз өз балаларымызға мынау менің сүйікті тобым, мынау менің сүйікті әншім деп 91ді және өзге де кью-поп жұлдыздарын көрсетіп отырсақ бұнын несі жаман? Иа, әрине олардың өздерімен, әндерімен таныс емес, таныс болғылары да келмейтіндер үшін бұл - жаман. Алайда 91-дің әндеріне ешқандай да сананы улайтын артық сөз немесе өзге той әншілерінікіндей тек ұйқас үшін ғана қосыла салған шылаулар жоқ. Барлық мәтіндері тек қазақша және олардың мақсаттары да қазақ тілінің қолданыстан шығып кеткен сөздерін қайта жаңғыртып әнге әдемі үйлестіре білу және тіліміздің бай екендігін шетелдерге таныту болып табылады. Олар сол мақсаттарына біртіндеп жетіп келеді. Ел алдында жүрген 2жарым жылдың ішінде 91 алысы бар, жақыны бар 200ден астам шет мемлекеттерден өз көрермендерін тапқан екен. Алайда қаншама жат елдерді бағындырғандарымен өздері шыққан Қазақстанды толықтай мойындата  алмай жатқандары өкінішті-ақ. Олай болуы мүмкін де емес шығар, өйткені боялған шаш, терілген қас, құлақтағы сырға бұл қашан да қазаққа жат. Оның тек сахналық образ екендігін, барлығының тек олардың түпкі ойларын жеткізу мақсатында жасалынып жатқандығы нағыз қазақтар үшін тек сылтау ретінде қабылданып қала бермек. Әркімнің көз-карастары, ойлау деңгейлері әртүрлі ғой, сол себепті 91дікі дұрыс, сіздердікі бұрыс деп Иглздар мен Хэйтерлердің арасындағы соғысты қайта бастап, өзгелердікі тойбизнес, 91дікі нағыз шоубизнес екендігін айта бергеннен май түспейді. Барлығы үшін өз ойлары қашан да орынды. Алайда сол дұрыс* пікірлерін дәлелдей бергілері келетіндер шынымен де жалықтырды.

2.      Айжан Байзақова және Инстаграм желісіндегі өзге де дүниелер.

Инстаграм әлеуметтік желісінің елімізге енгеніне 10жылдай уақыт болыпты. Бұл желі вк, вацап дегендерден бәраз ерекшеленеді, себебі Инстаграм көп адамдар үшін танымалдылыққа бастар жол болып тұр қазірде. Талай Гүлжандарды ГүлжанаОфишлға айналдырған желінің басты тұтынушылары қыздар қауымы. Қысқасы қыздардың көңіл-күйлері бар болса да, жоқ болса да диагнозы - Инстаграм. Ол талайлардың бағын жаққанымен біреулердің басына соры болып біткені де рас. Негізі барлығына кінәлі желі емес желіккен қыздардың өзі сияқты, ал инстаграм тек екі арадағы дәнекер тәрізді. Көпке топырақ шашпаймын, алайда танымалдылыққа, атақ  даңққа жету үшін неше түрлі фото, видеоларын көпшілікке ұсынып хайп жинайтын қыздардың қарасы күрт өсуде. Сондайлардың көшін бастап, гуглға есімінің бас әріпін жазсан ең бірінші шығатын, 6жасар жас баладан 60тағы шал-кемпірге дейін танитын  қаракөз қарындастарыңыз – Айжан Байзақова. Басында жап-жақсы болып «Жанымда» ойнаған кіп-кішкентай қыздың осыншалықты өзгереріне ешкім сенбеген болар. Кішкентайынан таэквондомен айналысып спорт шеберіне үміткер атанып, актрисалық жолға сәтті қадам басқан Айжанның бірден «плохая девочкаға» айналғаны көбісі үшін қате болар, бірақ бұл ең бастысы оның өзі үшін дұрыс шешім болды. Сол себепті оны жаман сөздермен даттай берудін де, барлық қазақ қыздарына күйе жағып отыр деудін де қажеті жоқ. Алайда, оған еліктеудін де қажеті шамалы. «Ол ашық-шашық суреттерін, видеоларын инстаграмға жүктеу арқылы жарты миллион оқырман жинады», «Клубқа барып ойран салып, түрмеде отырғандықтан оны барлық БАҚ жарыса жазды» деп оның ізін басып жүргендердікі шынымен де надандық, атын шықпаса жер өртенін кебі.  Міңдетті түрде солай былапыт сөздер айтып видео түсіру арқылы ғана танылуға бола ма? Неге өлең оқыған, әнге, биге кавер жасаған видеоларынызды салып көпшілікке өзінізді көрсетпеске? Алайда, Қазақ болғанымыздың кемшің тұсы осы, біз қашан да ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргіміз келеді, сол себепті  «оданша шешініп суретке түсе салайын» дейтін болулары керек кей қыздар. «Әркімнің өз ой бар, өздері біледі» деген сөздер де «Ұят боладының» орнын басып келеді қазір.  Бұл екі сөзді дұрыс жерде қолдана білген абзал. Қазақ қыздарын жөнге саларда «өзі білсін» деп қол қусырып қарап отырсақ ол ақыр заманның белгісі болар, алайда Тәрбие деген осы деп үйге қамап ұстаудың да қажеті жоқ. Қысқаша айтқанда қыз баланың тұлғасын қалыптастыруда ортадағы тепе-теңдікті сақтай білу қажет, бұл әрине қиың шығар, бірақ қызыныз ертең Үйде қалып қоймас үшін немесе Байзақовадай тым артық кетіп қалмас үшін оған тәрбие мен тәртіптің ең тұнығын бере білгендеріңіз абзал. Ал инстаграмдағы Айжанның жолың жалғап, ұранын ұстанушы қыздардың түзелулері өз қолдарында.

Инстаграмды ақтарып отырсаңыздар тек ашық-шашық қыздар ғана емес басқа да жаға ұстатар суреттер мен видеоларды көруге болады. Просмотрды арттыру үшін балаларына неше түрлі сөздерді айтқызып видео жолдайтындар, өзідерін шын ба, өтірік пе әйтеуір аурумын деп басындағы бар проблемасын подписчиктеріне айтатындар, шетелден келген пранктерді қайталаушылар және тағы да басқалары «популярныеға» кірсеніз толып жатыр. Сонын кейбіріне күлесін, кейбіріне жылайсын, кейбіріне тіпті не дерінді білмей үнсіз қаласын. Осы бір жасалынып жатқандардың біразы орынды болғанымен, танымалдылық үшін артық кетулердін де болып жатқаны рас. Бірақ бұл желі осындай былықты дүниелерден басқа «таяқтың екі ұшы бар» демекші жақсы, сананызға тоқып, көкірегінізге түйіп аларлқтай дүниелерден де кенде емес. Қайткенмен қазіргі ғасырдың талабы осы болған соң өзінізді қызықтырсын-қызықтырмасын әлеуметтік желілерде отыру, әр желіде кемінде бір аккаунтыныз болу  заңдылық тәрізді, ал оны білмеу бірден заманнан қалып кеткен деген атақ тағып береді. Алайда, оның да кезінде көбісі үшін Қазақтта тән емес болғаны тағы бар.

Димаш Құдайбергенов - Халықтың сынына ең көп іліккен азаматтардың бірі. «Im a Singer»-ге дейін ол жай ғана Ақтөбелік әнші, атақты халық әртістері Қанат пет Света Құдайбергеновтердің ұлы ғана еді. Алайда қытайлық жоба оны жарты әлем танитын Димашиге* айналдырды. Халықтың сынына көп ілікті дегенімнің негізгі себебі оның жобаға дейінгі де, кейінгі   әндері мен стиліне деген көрермен көңілінің 100пайызға толмағандығы. Иа, оның осыған дейінгі айтып жүрген әндерінің жанры, дауысының тым жіңішкелігі, шыңғырып айтатындығы «мынасы несі қатын сияқты» дейтін көптің  сөзіне үнемі ілесіп отыратын, оның үстіне сіздерге қайдам маған  оның стилі біртүрлі болып көрініп, шашының үлгісі былайша айтқанда жынымды қоздыратын. Осылайша Құдайбергенов өз елімізден лайықты бағасын ала алмасын түсінді ме шет елдік байқауларға жиі қатысатын. Бірде қанжығасы майланса, енді бірде қатысқанының өзін жетістік санап қанағат ететін. Осындай байқаулардың бірі 1жыл бұрын оның жұлдызын жағып, бірден беделге бөледі, ол ақыры көздеген мақсатына жетті, бала күннен бергі талмай жасаған жаттығулары, вокалды оқудағы еңбегі өз жемісін берді. Түсінетіндер үшін Димаштікі шынымен де үлкен еңбек және лайықты нәтиже. Ал сыншысымақтар үшін оныкі плгаиат, Витасты қайталай салу. Ондайлар қайталаудың өзі өнер екенін қайдан білсін. Жарайды айтқан әні бір бөлек, тырнақ астынан кір іздегіштер үшін оның стилі тағы да көңілтолмаушылыққа әкеліп соқты. 91ге еліктеп жүр немесе кәрістерге ұқсағысы келеді, сол үшін сырға тақты, шашын қидыртты, боянды, киім кию стилін өзгертті деген бос сөздерді әркім өз қалауларынша айта берді. Тағы да сахналық образ, сахналық стандарт дегендерге ешкім құлақ  та түрмей, бұл терминдерді өз милары жеткенше түсіне салуды жөн көрді. «Бұрынғыша қазақи костюмін киіп жүре бермеді ме» деді аға буын, ал жастарға керісінше Димаштың айдолдық* стилі жағымдырақ болды ма әйтеуір оның елдегі фанаттарының саны біршама өсті. Бір өкініштісі оның Қазақстанда емес басқа елде таңымалдылыққа ие болып, сол жаққа тартып кеткені. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» деп отыра берсек қазақтың әнінің ешқашан әлемдік сахнада шырқалмасы, туымыздың көптің алдында көкке көтерілмесі анық, сол үшін бұл мақалды қазіргі заманда сызып тастаған дұрыс –ау. Қанша мойындағымыз келмесе де біз қазақтар тым талапшыл екендігіміз, бар нәрсені қолда тұрған шағында бағалай алмайтындығымыз, адамның плюстарынан гөрі минустарына баса назар аударатындығымыз ащы да болса шындық. Өз елінде нағыз сұлтандыққа лайық қызмет жасап жүргендердің мысын басып, әйтеуір бір болмашыға бола күйе жағып өзіміз ұлтанға айналдырып аламыз да ол азамат ақыры басқа жаққа барып бағы ашылмайынша немесе бұл дүниеден өтіп кетпейінше біз оған сай құрметті көрсете білмейміз. Осы сияқты Димаштың да қадірін енді түсініп, өнерінің шынымен де асқақтығын қазір ғана мойындап жатқан жайымыз бар. Онда да менмендігі басып кетіп, өз ойларын өзгерте алмай жүргендер  де жоқ емес.

Егер біз шынымен де барлығының басынан-ақ әр қазақ менің жалғызым деумен бағасын біліп, бауырымызға бассақ олар өздерініз айтатындай «Қазаққа тән емес қылықтар» жасамас еді.  Қысқаша айтқанда біз ненін қазаққа тән ненін қазаққа жат екендігін өзіміз де білмейтін сияқтымыз. Себебі бізге біреу қазақи болып шапан киіп жүрсе де, өзге елге еліктеп жыртық джинсы киіп жүрсе де жақпайды. Біз тек қазаққа тән нәрселерді ауызша жасап үйренгенбіз, ал іске келгенде айтқандарымыздан бірден «Ұят қой» деп жалтарып шыға келеміз. Сонда қарап тұрсаныз қазаққа тән нәрселерді жасасан да Ұят, қазақылықты елемей заманға сай жүріп-тұрсан да Ұят.



Бөлісу: