Қазақтар неге қысылады?

Осы біз қазақ тілді ақпарат құралдарына оңғай емес... әсіресе телеарнадағыларға....қай мағынада дейсіз ғой?! Негізі көп... Алғашқысы прайм-таймнан басталады. Оған қол жеткізі охооо.... оңай емес. Рейтинг деген бәле бар, ол төмен боп келсе тағы өзімізді жегідей жейміз. Бір материал жасайын десең қазақша сұхбат беретіндерді іздеп тауып көр, бір күн бір түнің бір адамды табуға кетеді. Ол да камераны көрген соң дірдектеуді бастайды. Телефонда сайрап тұрған адам, пікірін ашып айтқысы келмейді... "Қой қасқааа бастығым көрсе, құдалар көрсе не дейді. Қой айналайын, ауылдағылар көріп күлер..." тағысын тағы. Кей біреулері айтарын айтып алып, звондап мені шығармай-ақ қойшыдан бастайды.... Қалай күймейсің, әріптесім айтпақшы мұндай жағдайдан кейін қалай ішпейсің))) Не деген бітпейтін комплекс... Айналайын - ау халықтың мұңын айтайық деп отырмыз ғой десең, ой айтқанмен шешілмейді дейді. Айтпасаң проблеманың бар екенін кім біледі?! Тағы да "за күйік" деп жібергің келеді)) Кейде ойлап қоямын, сонша комплексті жойып, көрермен тартудың амалын тауып жүрген біз психолог боп кетерміз жақында)) Жарайды айтайын дегенім бұл да емес негізі...ойын ашық айтып айтып тастайтын қыз жігіттер керек. Хабарласыңыздар, Астадан болса нұр үстіне нұр... Ал одан соң қазақ тілді ақпарат құралдарының аяғына тұсау боп жабысатын түйітілдерді жалғастырамыз)) 



Бөлісу: