Қазақтар неге әлі ұйықтауда?

Қазақтар неге әлі ұйықтауда?
жеке
блог

Тәуелсіздік алғанымызға бұйыртса биыл 22 жыл болады. Біз өзге елдермен терезі тең, бостандығы шектеусіз елміз. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздан қалған ұлттық әдет-ғұрып, мәдениетіміз біз үшін алтын мұрадай. Осы мұрада қазақтың дәмді тағамдары мен сан алуан астары да бар. Атап айтсақ, мысалы сүт өнімдерінен: айран, шұбат, қымыз, құрт т.б. Алайда уақыт өте біз осы ұлттық тағамдарымыздан айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Әрине, көпшілігінде «неге?» деген сұрақ туындайды. Мен жауап беремін. Біз ұйқыда жатқанша, шет елдер біздің ұлттық тағамдарымызды потенттеп, өздеріне тартып алып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын Германия елі қымызымызды потенттеп алды. Кейін келіп, қазақтың қымызын қалай жасайтындығы туралы қазақтың өзіне дәріс оқыды. Осы жылы тағыда сол Германия қазағымыздың құртына да қол созыпты.

    Егер осылай қазақи тағамдарымызды бүкіл әлемге беріп қойсақ, ертеңгі күніміз не болмақ?! Өзге елден немен ерекшеленеміз, қазақи атымызды қалай танытамыз?! Құртымыз бен қымызымызды біреуге бере салсақ, бізден кейінгі ұрпақ сол құрт пен қымыздың қазақтікі  екенін білмей де қалады ғой.

   Бүгінгі таңда елдің бәрі экономика және бизнесті оқып, меңгеруде. Мемлекетімізде сан түрлі бизнесмендер толып жатыр. Олай болса неге шет елдер бірінші болып біздің тағамдарымызды потенттейді, ол біздің ұлттық құндылығымыз ғой. Неге бірінші болып өнімді бүкіл әлемге экспортқа шығаратын зауыттарды ашады, оны біз істеуміз керек емес пе?!  Ол біздің қымыз, біздің құрт, қазақтар, ояныңдар. Бізді тонап жатыр!