Қазақстанның үшінші жандануы!
жеке
блог
блог
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де Алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
М.Жұмабаев
Осылайша қазақтың маңдайына біткен Мағжан ақынның болашаққа зор сенім білдіргендігі көрсетілген. Бүгінгі таңда елі үшін бас тіккен жандардың еңбектерінің еш кетпегендігі айқын сипатталу үстінде.
Қазақстанның үшінші жандануы! Қазақстан әлемдік даму үдерісінің жоғары сатысына келіп аяқ тіреді. Стратегиялық жобалардың қиындығына қарамастан кері шегінген емес. Осы күнге дейін жеткен жетістіктер Елбасы және оған сенім артқан өрісі кең қалың Қазақ халқының арқасы. Алға қойған мақсаттар, арман тілектер қазіргі сәтте жоспар қатарына алынды. Тарих кейіпкерлері ұстанған саясаты, бекіткен қағидалары ел болып қалыптасудың нышаны іспетті. Оған мысал заңдар жинағы, ертеден-ақ өрлеу жолындағы қазақ зиялы өкілдерінің еңбектері, Қасым ханның «Қасқа жолымен» жалғасқан Есім ханның «Ескі жолы» Әз Тәукенің «Жеті жарғысының» дүниеге келуіне себепші. Бүгінгі кезде мақтанышқа айналған Нұрсұлтанның «Нұрлы жолы» аяқ түзеуде!