Ұлтымыздың болашағы үшін бұл таптырмайтын құрал. Енді бар сенім үлкендерде!
Оттан да, оқтан да қорықпаған Бауыржан едім. Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады.
Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын. Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын …
Қазіргі кезде өзінің ат-салтын, тарихын білмейтін оқушы-балалар көбейіп барады. Жеті атасын білмейтін жетесіздерде жетерлік.Сондайлардың кесірінен тілімізде, дінімізде құлдырап барады.Бұл ұлтымызға жақсы "жаңалық" емес. Мен сіздерге бір оқиғаны айтып берейін. "Мен бірде қалада тұратын апайымның үйіне бардым. ОЛ үйдің балақайлармен әңгімелесіп отырып байқағаным , олар өткеніне өшкінмен қарайды екен. Өткен тарихын, салтын дегендерді тіпті білмейтте. "Домбыраны әзер естеріне түсірсе, киіз үйді ұмытыпта қалыпты. Сол түні ұйықтай алмай, түні бойы тыпыршып" осы балаларға арнап киіз үй, домбыра сияқты ойыншық-құралдар неге шығармайды??" - деп ойладым". Айтқаным Алланың құлағына шалынды-ау, әйтеуір содан кейін мен айтқандай ұлттық стильдегі ойыншық-құралдар шыға бастады. Енді осы ойыншықты әперетін ата-ана табылса екен, шіркін... Негізі, мен домбыраны білсемде ,киіз үй жайлы осы байқауда естідім. Өте керемет "электронды киіз үй". Мен өскенде осындай ойыншықтар шығарам деп армандап едім. Болашақта басқа түрлерінде ойлап табатыныма сенімдімін!!! Негізі, армандағы мақсатым солай бір орындалған.Арманымды орындаған азаматтарға көп рахмет!!!