Қазақстанға Сүлейман сұлтан қайта оралды

Қазақстанға Сүлейман сұлтан қайта оралды
жеке
блог

Қазақстандық отбасылардың бірталайын теледидар алдына жинаған, түріктің үздік сериалының 4- маусымы Жақын арада «Хабар» арнасынан көрсетілмек. Өкінішке орай,әдеттегідей сериал алдымен орыс тілінде, кейін барып қазақшаға аударылуы мүмкін. Ал, Осман империясының қызығы мен шыжығын тез арада көруге асыққан көрермендер үшін bigcinema.tv сайты сериалды онлайн жүйеде, бір адамның даусымен ғана аударылған нұсқасын ұсынған екен. Бұл маусымы Сүлейманның төрт ұлын шақыртып алып, ең басты Манис  санжағын, яғни өзінің орын басар шаһзадесін тағайындаудан басталды. Сүлейман, бұл орынды арман тұтқан Мұстафа мен Баязитті ысырып тастап, ішімдік пен жеңіл жүріске құмар Селимді таққа лайық деп шешеді. Менің сериалға деген қызығушылығым артып, Тарих беттеріне көз жүгірткен едім. Сондағы оқығаным: Мұстафа әкесіне қарсы шығып, жеке жасақ құрғаны үшін әкесінің тапсырысы бойынша өлтіріледі. Ал, бір-бірінен жау көрген екі бауырды, Селим мен Баязитті әкелері екі жақта алшақ ұстағанымен, шаһзаделер бір-біріне соғыс ашады. Әскердің көбі Сүлейман ханның ең жақсы қасиеттеріне ие болған Баязитті қолдағанымен, жеңіске Селим жетеді. Ал, Баязит елінен қудаланып, нақтырақ айтсақ, әкесінің қаһарына ұшыраған Баязитті өлім жазасына кесетін болады. Қашып жүргенінен ұсталып, байғұс Баязитті ұлдарымен қоса, түншықтырып өлтіреді( қасқырдан қасқыр туады демекші) . Осман Империясының 10-шы Сұлтаны атанған Сүлейман ханның өлімінен кейін, орнына ұлы Селим хан отырады.Міне, бұл маусымда осыған әкелетін көріністер бейнеленген. Бір таңғалып, жағамды ұстағаным, Осман империясында, таққа отырған сұлтан өзінің бауырларын үрім- бұтағымен қоса, керек десеңіз өз ұлдарын аяусыз өлтіре беріпті ғой. Недеген қатігездік...

ұлдары

    Ал, мына суретте Селим хан мен оның Сисилиясы. Көбімізге ұнаған Мерием Өзерлидің (Хюрремнің жас кезін сомдаған актриса) орнын баса алатын Мерве Болугур (Сырлы Стамбұл сериалымен танылған). Келіні Хюремге қатты ұқсағаны соншалық, жұлып- жеп тұр)))