Қазақстандық жұлдыздардың «темір тұлпарлары»
жеке
блог
блог
Біреуге көлік – сән, біреуге – қозғалыс құралы, ал тағы-тағыларына – «тұлпарды» ерттеп мінудің қыр-сырын үйрену үшін ғана ермек.
Ал салтанатты кештерге жұлдыздар көлік жүргізушілерімен келеді. Күнделікті қым-қуыт өмірде олардың кез келгенінің жол үстінде керемет көліктерімен зулап бара жатқандарын кездестіруге болады.
Жұлдыздар да – екі аяқты пенде. Сондықтан да жол үстінде талай қызықты оқиғаларға тап болып жатады. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі жұлдыздардың «тұлпарлары» жайлы сырларын ақтарады.
Автор: Белла Сәт-мырза , «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)
Фото: Марат Дильман, «Еуразия» бірінші арнасы (1tv.kz)
«Toyota Highlander Hybrid» – Жеңіс Ысқақова «Көлігім – менің сенімді досым. Жұмысқа асыққанда ешқашан дөңгелегі де жарылып, көңіл күйімді бұзған емес. Бұл көлікті Америкадан алғыздым. Жанармайды аз жейді, жартылай тоқпен жүреді. Сондықтан осы көлік арқылы Алматының экологиясының тазаруына үлес қосып жатырмын».
«Lexus GS 300» – Еркін Мәулен «Негізінде, әр адамның өз арманы болады. Бала кезімнен осы «GS300»-ті армандайтынмын. Алғаш көргеннен-ақ, осы көлікке көңілім ауды. Өнерімдегі көп жетістіктерге осы «тұлпарым» арқылы жеттім. Болашақта бұл «тұлпарды» сатпаймын деген шешімге келдім».
«BMW X5» – Майя Веронская «Бұл – менің екінші көлігім. Бұған дейін жапондық 2 есікті жылдам жүретін көлікпен жүрдім. Кейде мұндай тұлпарларды жөндеу қымбатқа түседі деген пікірлер жиі айтылады. Ал кейін осы көлікті оның қауіпсіздігі мен жоғары сапасы үшін таңдадым».
«Toyota Prado» – Меруерт Тусіпбаева «Бұл – менің автосалоннан сатып алған ең бірінші көлігім. Өзім өте ырымшыл адаммын. Сондықтан көлігіме көз тимесін деп, «001 NAN» нөмірін тағып қойдым. Бұл нөмірді маған менің өнерімді ұнататын ағам сыйлады. Есімін атамай-ақ қояйын, бірақ ол кісі де өнер жолын
«Lexus RX 350» – Бағдат Сәметдинова «Қалада жол кептелісі болған уақытта кейде амалдың жоқтығынан ережелерді бұзып қоямын. Кейде қатты асыққан кездерде қоймайтын жерлерге қойып қоямыз. Бірақ жол инспекторларына рахмет , өздері танып: «Бағдат апай, абай болыңыз», - деп маған кеңестерін айтып, жібере салады».
«Toyota Land Cruiser» – Айқын «Көп көліктерді айдадым, бірақ Алматыда «Джиппен» жүрген жақсы. Бірде аңшылыққа шыққанбыз. Асфальт жолдан соң жаман жолдар басталды. Осы көлік «трактор секілді» кедір-бұдыр, ой-шұңқырға қарамай алға сүйрей жөнелді. Сапалы көлік болғандықтан, өзі бұзылмайды».
«Lexus ES 300» - Нұржан Керменбаев «Жол үстінде досымыз екеуміз осы көлікпен бір қызбен танысқан болатынбыз. Оған жақындай келе, сол қызға көлігінің арт жағына қолымызбен сілтедік. Ол дөңгелегін тексеру үшін тоқтай қалды. Сосын біз досымыз екеуміз оған жай танысудың амалы екенін айтқан болатынбыз».
«Range Rover» – Нұрлан Абдуллин «Менің көлігім – менің ең жақын досым, менің екінші үйім. Бұл көлікке мен көптеген жылдардан кейін қол жеткіздім. Қанша көліктерді ауыстырсам да, соның ішінде көңіліме жаққаны осы «тұлпар» болды. «Бұл көлік – патшалардың көлігі. Көліктердің патшасы» деген ұғыммен толықтай келісемін».
«Lexus RX 350» - Мәдина Сәдуақасова «Бұл көлікті айдағаныма бір ай да болған жоқ. Бұл «тұлпар» - 2011 жылдың соңғы үлгісі. Мен, жалпы, үлкен көліктерді аса ұнатпаймын, қалаға арналған кроссоверлерді таңдаймын. Дегенмен қазіргі «тұлпарым» жүргізушілердің ыңғайына арналған керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген».