Қазақстандық "Бомбей"

Қазақстандық "Бомбей"
жеке
блог

  Қазақстанда "Бомбей" барын білесіз бе? Менің туған өлкемді көпшілік "осылай" атайды. Күннің тік түсетіні соншалық, ыстықтың қаншалықты екенін елестете де алмайсыз. Мен сіздермен ең ыстық шаһар туралы қызықты мәліметтермен бөлісейін.

    Әлемдегі теңдессіз сәулет өнерінің ескерткішін көргіңіз келе ме? Ол- Жаркенттегі Уәли бай мешіті. Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, оларды қиып, қашап қиюластырған. Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған. Көргіңіз келсе, Жаркентке ат басын бұрыңыз!

    Ең дәмді лағман түрлерінен дәм татқыңыз келсе, Жаркентке келіңіз. Сөз беремін, мұндай дәмді тағамды басқа еш жерден таппайсыз. Шекеңіз шылқып отырып, еткен шәй ішіп қайтасыз.

    Жәңгір хан 600 сарбазымен, қалмақтардың қалың қолына төтеп берген "Орбұлақ жырасын" естуіңіз бар ма? Міне, сол тарихтың "куәгер" жартастары да, Жаркент топырағында.  

     Қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеевтің туған ауылы туралы естуіңіз бар ма? Қылқалам шебері - Жаркенттен. Шежін ауылының қайталанбас табиғатын көріп, естен кетпес демалыс ұйымдастырғыңыз келсе, Жаркент шаһарына келіңіз!

     700 жылдан аса жасаған кәрі ағаш жайында не білсіз. Мұндай ағаштар нешеу? Әлемде осындай ағаштың түрі -екеу. Соның бірі-Жаркентте.Төбесі мәңгі жасыл. Тұрғындардың "Әулие ағаш" атандырғаны да бекер емес. Сол туралы аңызды толығырақ түйсінгіңіз келсе, Жаркентке келіңіз!   

    Ұлы Жібек жолының бір тармағы саналатын, Шоқан Уәлихановтің табанының ізі тиген киелі мекенге жолыңыз түссе, міндетті түрде келіңіз. Өкінбейсіз. Осыдай ғажайыптың бәрі- менің Жаркентімде!