Тарихи драма XIX ғасыр Қазақ хандығы тарихындағы ең ірі көтеріліс деп танылған, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс туралы ғылыми тұжырым жасап, репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың өмір жолына арналған.
Қазақстандық фильм ең алғаш "Оскар" премиясына 1992 жылы ұсынылып, Отандық кинофильмдер 2006 жылдан бастап премия сайын өз бақтарын сынап келеді. Айта кетейік, 2008 жылы Сергей Бодровтың "Моңғол" кинокартинасы шортлисттен көрінген болатын.
"Қазақфильмнің" "Аманат" кинолентасы көрсетілмге 2016 жылдың 19 мамырында шықты. Ермұхан Бекмахановтың образында атақты қазақстандық актёр Берік Айтжанов өнерін көрсетсе, Санжар Мадиев Кенесары Қасымұлы ханның рөлін сомдады. Қапшағай маңында орын алған кинотуындының түсіріліміне Қарлығаш Мұхамеджанова, Азиз Бейшеналиев, Құралай Анарбекова, Ерден Телемісов, Артём Митнев, сондай-ақ Дмитрий Скирта қатысты.