2012 жылы Қазақстанның елордасы Астана қаласына "ЭКСПО – 2017" Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі бұйырған.
Қазақстанның Халықаралық деңгейге шығуына үлкен мүмкіндік туды.
Бүкіл ел болып қуандық!
Бірақ...
«Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөзі бар.
Көрмеге 2,1 млрд доллар ақша жұмсалды. Сөзсіз, әлем назары Қазақстанда болды. «ЭКСПО – 2017» көрмесі қандай жоғары деңгейде өтті» деген пікірлер айтылды. Бірақ, Қазақстанның «Нұр Әлем» шары сияқты сырты бүтін, іші түтін екенін кім білсін? Қарапайым халық жалақысыз, зейнетақысыз қалды.
Үкімет Көрмеден түскен қаржы 1,5 млрд долларды құрайды деп мәлімдеген. Әр нәрсені асыра сілтейтін жоғары лауазымдағы адамдардың бұл нәтижелеріне де күмәнмен қарауға болады.
Басқа елдердің еш нәрсесі кетпеді. Олар өздерінің жаңа технологияларын таныстырды да кетті. Ал, біз әлем елдеріне жағымпаздану үшін бәріне бардық.
Халықаралық деңгейдегі көрмені өткізе отырып, біз ешбір «жасыл энергияға» сай келетін технология ұсынбадық.
Бізде тек жел электр станциялары мен күн батареялары орнатылып келеді. Оның өзінде нағыз желді қазақ-қытай шекарасындағы Жоңғар қақпасына жел электр станциялары әлі күнге дейін жоқ. Ал, Жоңғар қақпасы энергиясының бір пайызы Қазақстанды толықтай энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
⭕Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан өздерінде бар дүниені қанағат тұтып, өз іштерінен тіршілік жасап, бастысы, ең бірінші халқы үшін бар жағдайды жасап отыр. Көршілес ағайындардан үлгі алу керек сияқты.
⭕Мәдениетке келетін болсақ, жалғыз ғана Әміре Қашаубаев 1625 жылы Париж қаласында өткізілген Экспо көрмесінде өз өнерімен бүкіл әлемді таңқалдырған. Қазақ елін дүние жүзіне танытқан!
Димаш Құдайбергенов 1млдртан астам халқы бар Қытайды мойындатқан!
Мәдениеттің құдіреттілігі осында! Млрдтаған қаржы бөлінбей-ақ қазақтың қара домалақ балалары әлем елдерінің назарын Қазақ еліне аудартқан!
⭕Соңғы уақытта халық арасында «латын әліпбиіне көшу» мәселесі үлкен талқыға түсуде.
«Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады» деген мақсатпен латын әліпбиіне көшу жоспарланып отыр екен.
Бұл шешімнің де оң жақтары бар, дегенмен латын әліпбиі біздің дамуымызға қаншалықты көмектесер екен?
❗Адамдардың арасындағы қарым-қатынас түзелмейінше, мәдениет болмайынша, жасыл экономика, латын әліпбиі ел болашағы бола алмайды! Қазақстан млрдтаған ақша бөлінетін жобалар арқылы емес, мәдениеті, өнерлі өреңдері арқылы ғана танылады!
Сол кезде әлем елдері бізді өздері-ақ мойындайды!