БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды.Соңғы деректер бойынша Қазақстан суицидтен әлемде үшінші, жастар арасында екінші орында. Соңғы жылдарда бұл көрсеткіш жағынан әлемдегі «алдыңғы қатардардағы елдер» арасында нықтап орын алған сыңайлы. Соған қарамастан елімізде бұл ауыр мәселеге керекті деңгейде мән бермей жатқан сыңайлы. Эксперттердің айтуынша Қазақстанда әлі де бұл проблемаға қатысты ресми дерек айтылмаған, мұнымен тікелей жұмыс істеп жатқан ешбір институт жоқ. Бұл дамығандар қатарына қосыламын деген ел үшін шешімін табу керек болған мәселе.
Біз жастарға сенеміз! Ал жастардың бізге сенімі ше? Елімізге және отанымыздың ертеңіне сенімі қаншалықты? Өкінішке орай бұл сұрақтарға ресми деректердің жауабы көңіл қуантарлық емес. Балалар суицидінен де Қазақстан алдыңғы қатарда. Әлемдегі 15-19 аралығындағы жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудан Ресейден кейінгі екінші орында. Эксперттердің айтуынша бұл нәтиже тек қайтыс болғандар саны мен ғана шектелмей, жастарды жалпы психологиялық, рухани деңгейінің көрсеткіші де екендін айтуда. Елімізді ішінен кемірген бұл індет, еліміздің ертеңіне, балашағына қәуіп төндіруде.
Жастарды бұл әрекетке итермелейтін негізгі себептері мен шешім жолдарына тоқталар болсақ:
Өмірдің мәні мен мақсатының жоғалуы. Бұл проблеманың шешімі - баланың ең жақын отбасы, туған туыс және достары. Махаббат, жылусыз бала - су топырақсыз гүл секілді. Бұл екеуісіз ұзаққа жетпей солып, өмірдің мәні жоғалта бастайды, нәтижеде, рухани қурайды. Өмірлік жауапкершіліктер желкеге отыра бастаған жеткіншек, отбасыдан көмек ала алмағаннан кейін, ол үшін мәнсіз өмір сүрудің мағынасы қалмайды. Егер туысқандары бауырына баспаса, тура жолға салмаса бала алғашқы қуған жел алдына түсіп қай ортадан шығуы белгісіз хәлге түседі. Көбінесе де эктремисттік, қылмыстық топтардың құшағына түсіп, түрмеден немесе табыттан шығады. Психологтар суицидтің себептерінің бірі «соқыр махаббат нәтижесі» деп жатады. Отбасының ақыл көзі ашық болса, бала бір махаббат соңынан өз-өзіне қол жұмсайтын әлсіз болмайтын еді.
Баланың ақ парақтай пәк кезінен тәрбиелеу, кейінге қалдырмау керек. Егер әке шешесі баласына өмірлік мән ретінде, бала үшін мақсат ретінде нені белгілеп итермелейтін болса, баланың жетер нәтижесі де сол болады. Өмірде жақсы адам болу, отанға қызмет ету, жақсы маман игеру іспетті мақсаттар қойса, қиыншылықтар бала үшін кедергі болмайды. Бұл мақсаттардың шегі болмағаны үшін, жан жақты дамуда тоқтауы болмайды. Қиыншылықтар бөгет орнына шынығу машықтарына айналады. Ал балаға ҰБТ сияқты кішкентай сынақты өмірлік мақсат ретінде алдына қойғанда, баланың өмір мақсатына жете алмағаннан кейін, өмір сүруді қажетсінбей қалады. Бала тәрбиесінде бұл өте маңызды нүкте.
Рухани әлсіздік және қоғамның әсері. Әке-шешелер баланың денесіне керек барлық жағдай жасағаны мен рухани азық-қорегін елеусіз қалдыруда. Ұлттық сана сезімі, тәрбие-құндылықтары, қоғамның жол жорығын көрсетуге бір түрлі уақыт таба алмауда. Қәзіргі таңда қоғам шет елдің құндылықтарымен тәрбиеленуде. Ашық шашық, адам табиғатына теріс «мәдениеті» мен тәрбиеленген баласы есейіп алдына шыққанда, «бүгінгі жастардың бұзылғаны» туралы әңгімелер кетеді.
Қазақ атам айтады: «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» һ деп. Әр отбасында жан жылуынан кім айрылғысы, жан анасы мен әкесіне қан жылатқысы келеді? Кім рухани әлсіз, қоғамда орынсыз болғысы келеді? Бала жолында жылан болса, кім баланы қорғап, айналып өтуіне көмектеспейді? Бірақ, баланың руханиятын әлсіреткен қоғамдағы жыландарға жоламай айналып өтуіне кеңес беру былай тұрсын, өздері іс әрекеттермен итермелейді. Ең қарапайымы - үлкендер кішкентайларына «ішпе» деп өзі ішіп көрсетуі, «шекпе» деп шегіп көрсетуді айтуымыз жетер.
Баланы ұлттық құндылықты дәстүрлі дінмен бірге заманауи білім арқылы бойына сіңіру керек. Отбасы, отан, адамгершілік іспетті моральді құндылықтарды табиғаты хәліне келтіру керек. Бұл жақсы қасиеттер тесік шелекке құйғандай болмауы үшін, жамандық қара дақтарын бітеу, жоғалтуына жол бермеу керек. Бойын моральді, материалды ластықтарды жырақ ұстауды өмірлік жол хәліне келтіру керек. Уақытын, денсаулығын, өзін құрметтеуді, бос нәрсеге асық болмауына, жақсылыққа ғашық болуына ықпал жасау керек. Көзі көр сезім жолымен емес, айдын ақыл жолымен шешім қабылдауын үйрету керек. Бұл іс қиындығы болғанымен бала үшін дерттеніп ізденсек, іздегеніміз алдымыздан табылар. Қалауын тапсаң қар да жанады.
Ұлттық біріңғай тестілеу.ҰБТ-ны Тұрсынбек Қабатовтың әзілімен ашатын болсақ - «Ұлттық Біріңғай Төңкеріліс». Әзілдің артында ащы шындық та бар. ҰБТ - мектеп оқушыларының екі үш жыл қала бала миына әке-шеше, туған-туысқан, мұғалімдер мен директорларкүн сайын ескерте ескерте өмірінің ең маңызды сынағына айналдырады. Маңыздылығына күмәнім жоқ, бірақ, баланың екі жыл бойы стресс, психологиялық қысыммен дайындалуын ойлаңыз. Егер нәтижесі қанағаттанарлықтай болмағандағы бала шығарға жол таппағандай болып, ойынан осы жаман пікір айнала жүреді. Бұл ақыл тұманынан алып шықпаған кезде, ең азында психологиялық травма алады, бұл көбінесе өмір бойына қалады.
Бұл ауыр күндерде бала ешкімнің бетіне қарай алмай қашқалақтап одан сәрі депрессияға түседі. Көмек қолы келмей, жылы құшақтан жұрдай болғанда, шайтанның жайлауына түсуі таңқалдырмас. Шынында бұл барлық проблемалар шарға жиналғандай болып адам басына отырып алады. Бұл уақытта бала үшін ең жақын адамдары шартсыз жылу танытып, емтихан нәтижесі емес, баланың өзі маңызды екендігін айтса, шарға ине салғандай бүкіл проблемалар жоқ болып кетеді. Дәл сол уақыт пен кішкентай көңіл жылуы, бойдағы дертті майдан жіпті суырғандай шығарады.
Ешкім ешкімнің баласын өз баласындай қарай алмайды. Бала жауапкершілігі һ бірінші орында әке шешенің мойнында. Әке шешенің балаға қалдырар ең үлкен сарқылмас мирасы һ жақсы тәрбие. Баланың өмірде әр қадамын анықтайтын, шешімінің бағдары, ісінің күзетушісі болатын жан әлеміне болаттай мықты программа жүйесін отырғызу керек. Сол кезде ғана қоғамның бөлігі, елдің ертеңіне шырақ болатын жастар еліміздің аспанын ашық, жұлдызын жарық етеді. Еліміз осы бағытта отбасы конституциясын ұлттық құнділіқтарын дәстүрлі дінімізбен бірге құру керек. Бұл бағытта ғылыми зерттеулер арқылы себептерін анықтап, шаралар қолдану керек.
Ауруларды жұқтыратын БАҚ құралдарына заңнамалы түрде әр түрлі реклама мен сахналарды кесіп, алып тастап, жою керек. Орындарына қоғамға тиімді бағдарламалар санымен сапасын арттыру керек.
Қанша проблема болмасын, жүктің ауырлығын елемей, қоғамдағы өз жауапкершілігімізді атқарып, барлығымыз бір ағзадай бұл дертке дауа болуға атсалысуымыз керек. Жақсы істің жолымен жүрсек шешімнің ауылы алыс емес секілді.
P.S. Сіздің пікіріңізше қандай себептер болуы мүмкін және қандай шешім ұсынуға болады? Рахмет!