Сонымен, бізде неше түрлі шедеврлер шығып жатыр. Осыған дейін жұрттың делебесін қоздырған "Беш" мұның қасында айналайын болып қалды. Youtube-ке сенсек, ЖАн Асель feat БАСт
& АлМАз Акылбек "КаМАжай" деген әнге бейнеклип түсіріпті. Ішінде не/кім жоқ дейсіз. Көңілді көншітетіні жалғыз нәрсе - ресурсқа салынған бейнеклип "Юмор" категориясында тұр. Бірдей билеудің не екенін, киім таңдауда таяқты әліп деп білмейтіндердің дүниесінен қорланып отырған жоқпын, тек ұятым бетіме шығып, ыңғайсыз күйде отырмын. "Ел не дейді?" деген сұрақ жегідей жеп барады. Мүмкін мұны да "шедевр, ал сендер дым түсінбейсіңдер!" деп жақтап шығатын адамдар бола ма екен?(Бастыдағы сурет бейнеклиптен алынған. Ол жағдайға трезво баға беріп отырған сияқты)