Қазақстандағы үш тілдік бағдарламасы
блог
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қазақ халқымен қатар көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Соңғы кездерде, ұлттардың арасында түсініспеушіліктер көп пайда болды, себебі мемлекеттік тіл туралы заңдар қатая бастады. Ашып айтсақ, қай ұлт өкілі болсаң да, қазақ тілінде сөйлеп білу тиістісің. Ұлт-аралық келіспеушіліктер күшеймеу үшін, Қазақстан азаматтары бір-бірімен тату өмір сүру үшін, біздің үкіметіміз жаңа тіл жүйесін мұқият ойластыру қажет. Сонымен қатар, Қазақстан әлемдік дамыған елдер қатарына кіру үшін, халықаралық ағылшын тілін халыққа үйрету керек.
Тіл жүйесіне арналған стратегиясы бойынша, Қазақстан республикасының президенті – Н. Назарбаев негізгі үш тілді атап өтті. Бірінші, басты мемлекеттік тіл – ол қазақ тілі, маңыздылығымен екінші болып келетін тіл - орыс тілі, ол постсовет халықтардың арасында қолданылатын тіл. Үшінші, халықаралық жаһандану тілі – ағылшын тілі. Соңғы жылдары, жаңа үш тілді жүйеге көшуі сәтті өтіп жатыр.
Менің ойымша, әуелі үш тілді жүйеге көшуден бұрын, балалар мектепте тек қазақ тілінде білім алу керек. Сонымен қатар, олар басқа тілдерді бөлек сабақ ретінде үйрену керек. Балалар мектепті бітіргеннен соң, олар өздері қай тілде білім алуына таңдауға мүмкіндік берілгені дұрыс деп санаймын. Бір жақтан қарағанда, осы тәсіл дұрыс болып көрінеді, себебі қазіргі жас балалар қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ тілін білмей, әрқашанда әр салада орыс тілін пайдаланады. Қазақстанның жас азаматтары мектепті бітіргенше дейін тек қазақ тілінде оқыса, халықтың қазақ тілдің деңгейі бірден өседі. Бірақ бұл ұсынысты сәтті жүйелендіру үшін, өте көптеген іс-шараларды өткізу керек. Балалармен жұмыс істейтін жерде, әр мұғалім тек қазақ тілінде сабақ өткізіп, міндетті түрде мәтіндер тек қазақша түсіндірілсе, әр халық қазақ тілін түсінуге тырысады. Оған қоса, әлемдік бестселлерлді және жаңа киноларды қазақшаға сапалы аудару керек. Бірақ, бұл тәсілдің кейбір қиыншылықтары бар. Мысалы, қазақ тілін білмеген адамдар жұмыссыз қалуы мүмкіндігі бар. Сондықтан, Қазақстандық ел жаңа жүйеге баяу көшкені дұрыс деп ойлаймын.
Жалпы айтсақ, Қазақстанға үш тілді жүйенің пайдасы көп тиеді. Балалар үш тілді балалық шағынан бастап үйренсе, жаңа жүйеге көші оңайырақ болады, өйткені балалар кіші кездерде тілдерді тез үйреніп алады. Қазақ тілін деңгейін көтеріп, оны әр саланың ішінде басты орынға қозғау керек.