Қазақстандағы онлайн білімнің дамуына індеттің тигізген әсері

Қазақстандағы онлайн білімнің дамуына індеттің тигізген әсері
жеке
блог

Білім беру саласы коронавирус эпидемиясының әсерін алғашқылардың бірі болып сезініп, барлық білім беру іс-шараларын қашықтық режиміне ауыстыру арқылы шектеулер қойды. Жоғары білім берудің өзгеруі осынша бұрын-соңды болмаған. Қазақстанда жалпы есеппен алғанда 129 жоғары оқу орны мен 7,5 мың мектеп онлайн-оқытуға көшірілді. Пандемия білім процессіне алып келген өзгерістерге тоқсталсақ:

·       COVID19 бүкіл әлем бойынша мектептер мен университеттердің жұмысын тоқтатты. 

·       Нәтижесінде электронды оқытудың ерекше жоғарылауымен білім беру күрт өзгерді, соның арқасында қашықтан оқыту сандық платформалар арқылы жүзеге асырылады.

·       Зерттеулер көрсеткендей, желілік оқыту ақпараттың сақталуын көбейтеді және аз уақытты алады, яғни коронавирустың өзгерістері кейінгі білім беру жүйесіне әсер етуі мүмкін

Алғашқыда қашықтықтан оқыту бойынша Қазақстан Еуропадан, тіпті Ресейден едәуір артта болған. Жан басына шаққандағы компьютерлер саны туралы емес, адамдардың онлайн білім алу үшін гаджеттер мен қосымшаларды пайдалану қабілеттілігі туралы. Кенеттен қашықтықтан оқытуға көшуге мәжбүр болған студенттерге ғана емес, сонымен қатар шұғыл түрде онлайн білім беруді үйрене бастаған мұғалімдерге де қиындықтар туды.

Университеттерде қашықтықтан оқыту Skype, Google Hangouts, Platonus және т.с.с. арнайы платформалар арқылы жүзеге асты, ал Жалпы білім беретін мектептерде қашықтықтан оқыту «Күнделік» бағдарламасына және  Zoom платформасындағы бейнеконференцияларға негізделді.

Бірақ уақыт өте келе студенттер де, мұғалімдер де, профессорлар да қашықтықтан оқытуға бейімделді. Осындай темптегі оқыту біршама жағымды жақтарын алып келді:

·        Интернеттің көп жерде қол жетімді болуына байланысты студенттер сабаққа кез-келген уақытта кіре алады.

·        Қашықтықтан оқыту оқу мен жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді, яғни бұл студенттердің жеке өсуіне көмектеседі.

·        Қашықтықтан оқыту нәтижелері білім берудің дәстүрлі түрлерінен кем емес және кейбір жағдайларда тіпті жоғары көрсеткіштерді көрсетті. Қашықтықтан оқытуда студенттер курстық материалдардың көп бөлігін өздігінен үйренеді. Бұл тақырыптарды есте жақсырақ сақтауға және тереңірек түсінуге алып келеді. Алған білімдерін тәжірибеде бірден қолдана білу оны нақтырақ бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар, білім беру процесінде жаңа технологияларды қолдану қызықты әрі жандандыра жүргізуге алып келеді.

·        Егер бір мамандық бойынша оқуды коммерциялық негізде дәстүрлі және қашықтықтан оқытуды салыстырсақ, екіншісі арзанға түседі. Студент жол ақысы, жатақхана үшін төлем жасамайды, ал шетелдік университеттер жағдайында оған виза немесе төлқұжат үшін ақша жұмсаудың қажеті жоқ.

·        Студенттер курсты онлайн режимінде оқыса да, физикалық түрде студенттер қалашығында, мысалы, кітапхана, тіпті ашық ауада өткізілеріне мүмкіндік бар.

ҚазҰУ  студенттері универ территориясындп орналасқан цифрлық және дәстүрлі кітапханаларымен, кең қалашығымен, спорт кешені мен алаңдарымен және жеке студенттер орталығымен тіпті пандемия кезінде де қамтамасыздандырылған, яғни кез келген уақытта міндетті карантиндік шараларды сақтай отырып қолданыста бола алады.

 Осыған байланысты бізде «Мәжбүр болған қашықтықтан оқыту жүйесі пандемиядан кейін де сақталып қалуы мүмкін бе?» деген сұрақ туындайды.

Биыл біздің университет білім беру формасын қашықтықтан оқыту түріне өзгерткеніне бір жылдан асты. Сабақтар жоспарланған бейнеконференциялардың арқасында онлайн режимінде «синхронды түрде» өткізіледі, кейде күтпеген жағдайлар туындаған кезде біздің студенттер пошта немесе мессенджер арқылы материал алуға мүмкіндіктері бар. Универ Zoom, Microsoft Teams, Oqylyq, univer.kaznu.kz, сияқты платформаларды қолданылады. Үй тапсырмасы мұғалім тағайындаған уақытта жүктеледі. Осы платформаларды пайдалану сапалы әрі таза оқытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар сабақтарды дұрыс өткізуді бақылайтын бақылау топтары бар.Қашықтықтан оқыту кезінде студенттер ақпараттың 100% көлемін зерттейді. Жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде интернеттің көмегімен оқиды. Мемлекеттік міндетті жалпы білім беру стандартына сәйкес, бір оқу жылының толық оқу жүктемесі 60 академиялық кредитке немесе 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Сонымен қатар студент бір семестрде 30 академиялық кредитті игереді. Емтихан тапсыру формасын әр университет өзі белгілейді.

Коронавирусты жұқтыру қаупімен байланысты қазіргі жағдайда университеттер мен колледждердің сыртқы қиындықтарға бірден-бір ықтимал және адекватты реакциясы қашықтықтан оқуға уақытша толық көшу болды. Бұл жағдайда Интернет арқылы білім беру процесін жүзеге асыру үшін университеттердің барлық мүмкін ресурстары пайдаланылды.

Жүйеге қойылатын маңызды талаптар оның сенімділігі, Интернет-арналардың өткізу қабілеттілігі, мазмұнды құрудың және орналастырудың қарапайымдылығы, оқытушылар мен студенттерге арналған қызметтер мен платформалардың қол жетімділігі болды.

Қашықтықтан білім беру күндізгі классикалық білім берудің орнын толығымен алмастыра алмасы анық, дегенмен, мүмкін, аралас оқытуға көшу ауқымды түрде жүзеге асырылатын болады, мұнда цифрлық форматтар әртүрлі нысандарда өз орындарын табады. Осыған байланысты білім беру процесін қатаң реттеу мен стандарттаудан бас тарту, ақысыз білім берудің әртүрлі формаларына көшу, жеке білім беру траекториялары, желілік білім беру мәселелері заңнамалық деңгейде қосымша пысықтауды қажет етеді. Мұғалімдерге қойылатын талаптарды қайта қарау, олардың мәртебесі мен жұмыс құндылығын қайта бағалау қазірдің өзінде жүзеге асырылуда, білім беру бағдарламаларын (пәндерін) қазіргі заманғы шындыққа одан әрі бейімдеу жүзеге асырылуда.

Байбатырова Аружан

Зейнуллина Айгерим

Жумабекова Наргиз

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филолгия және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенттері

Жетекшісі: Жапарова Асемжан