Қазақстандағы көгілдірлер
блог
«Қазақстандағы көгілдірлер»
Қазақ үшін ел үшін,қасық қаны қалғанша күрескен қайсар да қаһарман жігіттеріміз ата ағаларымыз болашақ үшін «қазақ»ұраны халқы үшін өз жандарын құрбан еткені анық емес пе?
Лұт (а.с.) пайғамбардың тұсында, азған бір елдің еркектері әйелдерін ұмытып, бірімен-бірі жыныс қатынасын жасай бастаған. Ар-ұяттан безіп, азғындыққа жол берген сол қауымды, жаратушы Құдай аспаннан тас жаудырып, бір күнде жоқ қылыпты... Қазіргі өркениеттің кемелденген кезінде, демократияның дәуірлеген тұсында бисексуал, гомосексуал мәселесін жер-жерде көтеріп, тіпті Америка сияқты мемлекеттер бір жынысты адамдардың ерлі-зайыпты болуын заңдастырып жатқан жайы бар. Нидерланды сияқты елдерде мұндайларды той жасап тұрып үйлендіріп жатыр. Алайда Батыстан бастау алған демократияның бұл көрінісі біздің қоғамда жиіркенішті қылық болып саналады, Батысқа қанша еліктесек те, бұл қазақтың психологиясына жат нәрсе.
Қазақстанда ашық айтылмайтын тақырыптардың бірі – гомосексуализмге қатысты мәселе. Ондайлардың посткеңестік кеңістікте азын-аулақ бар екенін ешкім жоққа шығармайды. Бұдан он шақты жыл бұрын олардың біразы еркіндік іздеп Канада, Америка, Еуропа елдеріне қоныс аударып кетті. Қазір гомосексуалдар батыстық саясаттың, демократиялық қоғамның ұзын арқан, кең тұсауын пайдаланып, әр елден өздерінің ұйымдарын, қоғамдастықтарын құрып жатыр. Мақұл, қоғамдастықтарын құрып, тыныш жүрсе ештеңе жоқ қой, бұлар өздеріне халықтың назарын аударғысы келеді, сол елдің саяси-әлеуметтік өміріне жан-жақты атсалысып, қоғамнан заңды тұлға ретінде орын алмақ ойлары бар сияқты.
Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды, әр жерлерде гомосексуалдардың түнгі клубтары, сауналары, көңіл көтеретін орындары бар екені рас. Алматыдағы ЛГБТ қоғамдастығы бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, басқаларды қатарларына тарту үшін www.lgbt.kz. деген веб-сайт ашып қойған. «Про наше» журналы да осыларды насихаттайтын мақалаларды үзбей жазады. Гей-парад ұйымдастырмақшы болғандары да рас болар, әйтпесе қала тұрғындары наразылық білдіріп, толқымас еді ғой.
Неліктен біз қазақ деген мұсылман деген атауымызға кері бағыт кері әсер туғызамыз.Менің ойымша осындай арсыз әрекетке барған азғындарды тек заңмен қудалап қана емес ең ауыр жұмыстар атқарғызып маңдайларына таңба басқан жөн деп ойлаймын.Ленин мен Абай атты алып тұлғаны жабыстырып арсыз іс әрекетке барғаны аздай,бір-бірімен некесін қиып тойларын жасап жатқандарда жетерлік
Ары мен абыройын ұлы мен қызының бақытын ойлаған қазақ атаулы қоғамда көгілдірлерге орын жоқ!!!тбір-бірімен некесін қиып тойларын жасап жатқандарда