Қазақстандағы ислам сәулет өнері

Мұсылман мәдениетіне қатысты барлық өнертүрлерінің ішінен сәулет өнері ең көрнекті, оригинальды және әсерлі болып табылады. Мешіттердің, мұсылмандардың құлшылық ету ғимараттарының құрылысы бастапқыда аймақтықдәстүрлерге негізделген, алайда уақыт өте кележаңа стиль қалыптасты, ол діни құрылыстардыңжергілікті ерекшелігін сақтай отырып, жаңа құлшылық ету қажеттіліктеріне бағынышты болды. Сәулет өнерінің дәстүрлі 4 мектебін жіктепқарастырады: сирия-мысырлық, парсы, үнді және осман.

Мұсылман мәдениетінде айрықша орын ала отырып өз таңбасын қалдыратын іздердің бірі – мешіттер. Алғашқы мұсылман ғибадат үйлері - мешіттер - діни құрылыстардың жергілікті аймақтың ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның түкпір-түкпер жерлерінде көрініс тапты. Осылардың бірі ретінде Жаркент қаласында орналасқан 130 жылдық тарихы бар «Жаркент мешітін» айтсақ болады. Жаркент мешіті - Қазақстандағы көзге ерекше түсетін жалғыз мешіт. Оның сыртқы көрінісі мен архитектурасыбуддисттік ғибадатханаға ұқсайды. Бұл мешіттің салынуы тікелей қытайлық сәулетші Хон Пикпен тығыз байланыста. Қытайда мешіт алуға салуға рұқсат ала алмаған соң, осы жерде қытай стиліндегі мешіт құруды көздейді.

Қазақстандағы ислам сәулет өнерінің одан әрі дамуы мен көркеюіне үлес қосқан мүмкіндіктердің бірі – Алматыдағы ашылған «ислам сәулеті» туралы көрменің ашылуы. Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында үш аптаға созылатын «Ғибадат ислам сәулеті» көрмесі өз жұмысын бастап кеткен болатын.  Ол жерде мұражай қорынан жәдігерлер қойылған.  Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жерде басты акцент дінге емес, исламның ғибадат үйлерінің сәулетіне баса назар аударылған.Көрмеде суретші Әбілхан Қастеевтің «Бибі-Ханым мешіті» және «Ұйғыр мешіті» атты екі еңбегін көруге болады.

Ислам сәулет өнерінің тағы да бір керемет туындысын Қазақстанның шығыс облысында орналасқан Өскемен қаласынан көруге болады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде ислам мәдениеті мұражайы ашылды. Мұсылмандар діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкілі Ермек қажы Мұқатай жаңа мұражайда елімізде исламның пайда болуы мен даму тарихы көрсетілгенін айтты. Оның айтуынша, ислам мәдениеті мұражайындағы ең құнды дүниелердің бірі- кітаптар, олардың кейбірі шамамен 500-600 жылды құрайды. Сондай-ақ мұражайда интерактивті Құран бар, оны төрт тілде оқуға болады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі ислам мәдениеті мұражайының ашылуына барып, жәдігерлерге оң баға берді. Салтанатты рәсім барысында аймақ басшысы мұражайды дамыту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті. Енді тұрғындарға сырттан барлық маңызды ақпаратты іздеудің қажеті жоқ, мешітке барудың өзі жеткілікті болып отыр.  Мұнда Қасиетті Қағба макеттерінен, «Халифа Алтай» мешітінен, Семей қаласының екі минаретті мешітінен, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тайқазаннан бастап, Бұхарадан әкелінген Яссауидің «Диуани хикмет» кітаптарының түпнұсқаларына дейін қамтылған.Жәдігерлер Қазақстанның әр өңірінен жиналған. Сондай-ақ олардың кейбіреулерінің көшірмелері Ұлыбританияның Кембридж университетінен әкелінді. Облыс тұрғындарының өздері де мұражай қорын әртараптандырып, толықтыруға тырысып жатқаны қуантады. Мысалы, Күршім ауданының тұрғындары мұражайға алтын жалатылған кітап, күмістен жасалған монеталар, қараханидтер заманындағы қола ақшалар ұсынды.

Қорытындылай келе адамзат тарихына қарайтын болсақ, онда мәдениет өздігінен құрылған жоқ. Бүкіл мәдениет діни сенімге негізделіп, дамыды. Сондықтан, халқымыздың мәдени және әлеуметтік өмірінде исламның рөлі зор, сондай-ақ Ислам қазақ халқының рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады деп сеніммен айтуға болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ www.kaznu.kz 
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениетану кафедрасы
«Дінтану» мамандығының
4 курс студенті Мүсілім А.А.
Жетекші аға оқытушы Тунгатова Ұ.А.



Бөлісу: