ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
блог
Әр елдің ұлт болып қалыптасу жолында өзіне тән ерекшеліктері, тілі, діні, салт-дәстүрі болары сөзсіз. Сол сияқты Қазақ халқы- Мұсылман, ұстанатын дініміз Ислам діні. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнар көзі болып табылады. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Дін қай қоғамда болса да адамшылық құндылықтарының қайнар көзі ретінде қабылданады. Дінсіз мемлекетте қоғам да болмайды.
Ислам діні Құранды негіз еткен Ибраһимдік бір сенім жүйесі, ол VII ғасырда Араб түбегінде Мұхамед пайғамбар жағынан пайда болды. Ол өзіне дейінгі Иудаизм және Христиан дініндегі пайғамбарларды мойындай отырып, Мұхамедті ең негізгі пайғамбар деп есептейді. Бұл дін Шығыс Оңтүстік Азияға, Солтүстік Африкаға, Батыс азияға, Орталық азияға кең таралған
Қазақстанға келсек, еліміз ислам әлемінде білім индексі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекет. Сондай-ақ, ИЫҰ елдері арасында Қазақстан ғылыми және индустриалды негіздері күшті мемлекеттерге жатады. Өйткені, елімізде сауаттылық деңгейі жоғары, кеңестік, ұлттық және батыстық білім жүйелерінің элементтері үйлесім тапқан. Қазақстан ізгілік пен білімге құштар жастарды тәрбиелеу арқылы ислам әлемінің интеллектуалды жаңғыруына септігін тигізіп, мұсылман әлеміне өз даму үлгісін ұсына алады.
Қазақ халқы өз жерінде тұра отыра, қаншама уақыт басқа елдің айдауымен жүрді. Солардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болды. Бірақ ол кездерде келместің кемесіне мініп кетті. Кешегі «қызыл империя» ата-бабаларымыз қасиеттеген, түпкі табиғи болмысына айналдырған ислам дінін мансұқтап, ұрпақтарына құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете жаздады. Қазір тәуелсіздігіміз өз қолымызда,ешкімге алақан жаймай отырған, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой бұрды. Жаста , кәріде дін жағынан сауатты десем артық айтпағаным. Дін Қазақстанда жақсы нәсихатталуда. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен діннің жағдайы жақсарды. Қаншама мешіттер мен медреселер бой көтерді. Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді. Шын мәнінде бүгінгі күні дінге деген адамдардың көзқарасының сенім өзіндік ерекшелігі байқалады. Діннің жағдайы бүгінгі күнгі əрбір адамға таныс. Діни тұжырым барлық діни-ғұламалық жəне діни-философиялық əдебиеттерде қарастырылған. Оның негізгі мəні діннің құдіретті күшінен туындап отырғандығы «Адамның бойында бір күш бар. Ол күшті жақсыға да, жаманға да қолдануға болады. Оны Алла тек қана жақсылыққа қолдануын қолдайды».
Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің саны өуде. Елімізде жаңа мешіттер салынуда. 2011 ж. басында 2416 мұсылман ғимараттары қызмет атқаруда. Жылына бір келетін қасиетті Рамазан айында да Алла разылығы үшін ауыз бекітетін жандар өте көп. Дін жағынан білім аламын, медресемен тоқтамаймын деген жастар үшін, Алматыда «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам университеті ашылып білім беруде. Басқа да көптеген жоғары оқу орындарында Дінтану, Исламтану мамандықтары бакалавр, магистр дәрежесінде ең мықты мамандар шетел ұстаздары дәріс береді. Яғни бұл дегеніміз Ислам дінінің Қазақстанда кең қанат жая бастағанының дәлелі. Және де Қазақстан 50-ден астам мұсылман мемлекеттерін біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі.
Бірақ қазір басқа теріс ағымдардан да сақтануға шақыратын мәселелер жетерлік. Ислам дінін үгіт-насихат етушілерден гөрі өзге, дінімізге жат діндерді насихаттаушылар да жетерлік. Олар қалалардағы көше-көшелерді, тіпті ауыл-ауылдарды аралап, тегін діни кітаптарын таратып, жұртты азғыртып жүр. Қазір Республикамызда үш жүз елуден астам діни секталар мен ағымдар білгенін істеп жатыр. Олардың қатарында исламдық ағымдар мен «Ахмади» секілді теріс жолдағы ағымдар да бар. Бала шыр етіп жарық дүниеге есігін ашқан сәттен имандылықты бойына сіңіру, мектепте де жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Және де менің ойымша мектеп бағдарламасына да дін, ислам сабақтарын қосып, бала кезден бойына сіңірген қажет шығар
Осы мәселелерді шешуге мемлекетіміз де, қоғам, діни басқарма, барлық мұсылман жандар атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек. Қазақстанды мекендейтін мұсылмандар 70% астам. Әрине, бұл өте үлкен күш. Бәріміз осы күшті бірітірсек, адамгершілік, әділеттілік, имандық жолын тез қалпына келтірер едік. Мемлекетімізде халықтар татулығы нығайып, нағыз азаматтық қоғам құру жеңілдер еді.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университі, Философия және саясаттану факультетіні, Исламтану мамандығының 3 курс студенті Сайлау Тоғжан