Қазіргі таңда журналистика саласында өзіндік орын алып үлгерген фактчекинг саласы жайлы толығырақ мақала да таныстыратын боламыз.
Фактчек- ел алдындағы тұлғалардың мәлімдемесі мен медиа материалдарда айтылған нақты тұжырымдардың рас-өтірігін анықтайтын журналистиканың саласы. Ал ғылыми тілде жалған ақпаратты біз “фейк” деп айтамыз.
Фейк – көп жағдайда қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты таратылатын жалған ақпараттар.
Ол ақпарат бір мемлекетті ішінара тас талқанын шығаруы әбден мүмкін. Себебі халық ақпараттың рас өтірігін тексермейді. Халық арасындағы ондай мәліметтер тез таралады. Соның әсерінен ел ішінің берекеті кетуі мүмкін.
Ал Қазақстандағы жағдайын тілге тиек етер болсақ. Елде жалған ақпарат таратудан оңай дүние жоқ. Тіпті дауыстық хабарламамен-ақ жіберіп елді дүрліктіре алады.
Егер сіз белгілі мәліметті оқып, рас-өтірігін анықтағыңыз келсе, төмендегі нұқсаулықпен тексеруге әбден болады.
Мәліметті ресми сайттар немесе органдар ұсынды ма? Осы сұрақ аясында сайтқа кіріп, сайт туралы мәлімет жинайсыз. Сондай сайттардың тізімі:
https://stat.gov.kz – бұл сайттан сіз ресми органдардың ақпаратын тексере аласыз.
https://stat.gov.kz/- мәліметтердегі статистикалық сандарды тексеруіңізге болады.
https://open.egov.kz/- елдегі құқық бұзушылықтың саны, Қазақстанның сыртқы қарызы сияқты мәліметтерді осы сайттан тексере аласыз.
"
https://stat.gov.kz – бұл сайттан сіз ресми органдардың ақпаратын тексере аласыз.
https://stat.gov.kz/- мәліметтердегі статистикалық сандарды тексеруіңізге болады.
https://open.egov.kz/- елдегі құқық бұзушылықтың саны, Қазақстанның сыртқы қарызы сияқты мәліметтерді осы сайттан тексере аласыз.
Сілтеме жасаған сайттар еліміздегі ресми органдар. Олардың базасында көп жылдық статистика сақталған. Кезкелген жылды ашып, тексере аласыз. Бұл сайттар еліміздегі ашық дерек көздері деп аталады.
Тағы бір сұрағыңыз сайт мәліметті алған ұйымды немесе сайтқа сілтеме жасаған ба? Яғни әр мақалада шынайы мәліметтер болуы қадағалануы керек.
Келесі сұрақ ақпараттың шыққан күніне байланысты да анықтауға болады.
Осындай қарапайым сұрақтар арқылы да ақпаратты тексере аласыз.
Айта кетерлік жайт қазіргі сайттарда мақала тексерілмейді. Жариялануы жазылануынан тез болады. Солай ақпарат таратылған соң халық арасында сенімсіздік болады.
Қорыта келгенде, әрбір оқыған мәліметтіңізді тексеріңіз. Себебі сіз таратқан мәліметіңіз үшін заң алдында жауапқа тартылуыңыз әбден мүмкін.