Әйел адамға деген тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам үшін қылмыс емес, үйреншікті жағдай ретінде қалыптасқан. Тіпті адамдар бұл мәселеде әйел адамның өзін кінәлауға да дәті барады.
Қоғамда, әсіресе Қазақстанда орын алып жатқан әйел теңсіздігі мәселесі мені қатты қынжылтады. Бұрынғы заманнан бастап қазіргі кезге дейін бұл мәселе күшеймесе, азаймаған. Бастысы көп адамдар бұған мән бермейді, тіпті әйел адамдар өздерін өзі кінәлап та жатады. Оған себеп қоғамның әйел адамға көрсететін психологиялық қысымы.
Әйел адамға лайық мінсіз бейне қоғамда қалыптасып қалғаннан кейін, адамдар сол бейнеге сәйкес келмейтін әйелдерге үнемі сын айтады. Нәтижесінде әйел адам өз-өзін қабылдамай, кемшіліктеріне көп назар аударады. Біреуге ұнауға тырысамын деп тұлғалық қасиетін жоғалтады.
Бұл мәселе толықтай шешіле қоймас, алайда әйел адамдар өз құқықтарын қорғаса бұл жағдай қараусыз қалмайды. Тек әйел адамдар бұны уақытылы түсінсе деймін.