ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ
блог
« Қазақстандағы ағылшын тілінің болашағы... »
Күн сайын ілгерілеп, қарқындап келе жатқан бұл қоғамда көп тіл білудің маңызы зор. Тарихқа үңілсек, қазақ жерінен шыққан ұлы тұлғалардың көбі көптеген тілдерді еркін меңгергендігін атап өтуге болады. Солардың бірі әлемнің "екінші ұстазы" - Әбу Насыр Әл Фараби 70-ке жуық тіл білген екен. Мінекей, осы қазіргі жаһандану дәуірінде дамудың даңғыл жолына түсу кезеңінде ағылшын тілінің шоқтығы биік. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі, орыс тілі – ұлтаралық тіл, халықаралық тіл ағылшын тілі болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап есептесек, Қазақстанда ағылшын тілін басымдылығы 10 есе өскен. Ағылшын тілі дүние жүзінде қолдану аясы жағынан қытай мен испан тілдерінен кейінгі 3-орында тұр. Бірақ, таралуы, экономика, ғылым тілі бойынша өзгелерді шаң қаптырады.
Ұлы Абай Құнанбайұлының өзі : Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,-деген екен. Ал, тек қазақтың игілігін ғана емес, барша адамзат баласына жақсылық әкелу үшін, олардың ортақ тілін білу өте маңызды. Бұл орайда ағылшын тілінің мәртебесі биік. Басқа мемлекеттер секілді Қазақстанда да ағылшын тілін дамыту стратегиясы дұрыс жолға қойылған. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде тереңдетіп оқытылады. Тіпті, ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.
Елімізде арнайы ағылшын тілін оқытатын орталықтардың білімі кәдімгі мектеп бағдарламаларынан едәуір жоғары. Ал мұндай оқу орталықтар көп болғанымен ақылы. Мәселен, “ExELT”,”SunRise”,”Aseras”,”Дарина” тағы басқалары.Бұлардың оқу әдістемелері де әртүрлі.Мәселен,”ЕxELT” грамматиканы қатаң түрде оқытса,”Aseras” ойын түрінде оқытады. Бірақ, уақыт өткен сайын бағдарламаларды меңгеру, дамыту деңгейлері өсіп келеді.
Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы мол. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, көп тілді жетік меңгеру артық етпейтіні анық. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді.
Кеңестік кезеңдегі кереғар саясат КСРО-ның аудиториясынан асып шықпаса, ағылшын тілі әлемдік көзқарас пен зайырлы дүниетанымға негізделген. Елбасының сонау 1993 жылы қабылдаған «болашақ» бағдарламасы арқасында ғаламдық тілде оқу тауысу алғашында таңсық көрінгенмен, қазірде үйреншікті үрдіске айналған. Қазақстанда жоғары оқу орындарында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. Олар: « Қазақ-Британ техникалық университеті », « Назарбаев Университеті», « Еуразия Ұлттық университеттері », «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті » және т.б . ҚазҰУ-де 36 мамандық пәндері ағылшын тілінде оқытындығы сөзімізге тағы бір дәлел. Шет тілін білу сән емес, заман талабы. Ағылшын тілі – Қазақстан Республикасының дамуын жеделдетіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылып, мәңгілік ел болу жолындағы ізгіліктің жолы! Ағылшын тілі бүгіннің ғана емес, жарқын болашақтың тілі .