TURKISH AIRLINES авиакомпаниясы астаналық БАҚ өкілдерін таңғы асқа шақырып, әуе саласындағы соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
Еуропа мен Азия аумағының орта нүктесі саналатын Ыстамбұлда күн сайын жүздеген рейстерді қабылдайды. Былтыр күзде Ыстамбұл қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған İstanbul Airport әуежайын ашты. Ал 6 сәуірде жаңа әуежай пайдалануға берілді.
1 шілдеден бастап TURKISH AIRLINES авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан қаласынан Ыстамбұл қаласына ұшатын рейстердің жиілігін арттырады. Тұрақты түрде Ыстамбұлға тұрақты түрде А330 и В-737 ұшақтарында Алматы қаласынан 10 және Нұр-сұлтаннан 7 рейс ұшады.
Транзиттік рейс жолаушылары TOURISTANBUL немесе STOPOVER ın ISTANBUL бағдарламаларын пайдаланып, тегін экскурсия арқылы қаланың көрікті мекендерін аралап, төрт жұлдызды қонақүйде қалып, Ыстамбұл қаласында уақыт өткізе алады.