Қазақстанда тұңғыш «Toyota» оқу орталығы ашылды

Қазақстанда тұңғыш «Toyota» оқу орталығы ашылды
жеке
блог

Бүгін Алматыдағы Toyota Center Almaty орталығында диагностика жүргізу, жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы тұңғыш «Toyota» оқу орталығының ашылуы өтті.

Toyota компаниясының Қазақстанда жұмыс жасап жатқанына - 25 жыл. Алғаш рет Тойота Қазақстанда есігін 1992 жылы ашқан. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша Тойотаның 14, ал Лексустың дилерлық орталығы бар. Қазіргі кезде аталған компанияда 1200 адам қызмет жасайды. Осында жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктігін арттыру мақсатында 2013 жылы осындай орталық ашу жоспарланған. 

Оқу орталығы Toyota және Lexus автокөліктерін жөндеу, диагностика жүргізу және сервистік қызмет көрсету бойынша білім береді. Бұл жерде тек Тойота компанияларында жұмыс жасайтын қызметкерлер оқып, білімдерін жетілдіре алады. 

Оқу отралығы тек Қазақстандағы Toyota мен Lexus дилерлік желісі мамандарының техникалық оқытуын және біліктілігін арттыруға арналған емес. Негізгі орташа мерзімді міндеттерінің бірі біздің еліміздегі кәсіптік білім беруді насихаттау, автокөлікке қызмет көрсету саласында жоғары білікті жаңа мамандарды дайындау, оларды одан әрі жұмысқа орналастыру болып табылады.

Мамандарды оқыту Toyota Motor Kazakhstan мамандарымен және сертификатталған және оқытылған жаттықтырушылармен арнайы әзірленген бағдарлама бойынша өтеді, сондай-ақ BusinessCarAcademy (Ресей) компаниясының мамандандырылған оқу академиясының тәжірибелі жаттықтырушылары тартылатын болады.

Көп функционалды тренинг-орталығы 600 шаршы метр аумақта орналасқан, жаңа технологиялармен, жүйелермен және аспаптармен, заманауи қондырғылармен (симуляторлар, агрегаттар мен кесілген түйіндердің үлгілері) жабдықталған.

Оқу орталығын жабдықтауға және қайта құруға салынған инвестицияның жалпы құны 40 миллион теңгені құрады. Оқу аяқталған соң оқушыларға сертификат беріледі. Сертификат арқылы кез-келген елдегі Тойота орталығында жұмысқа тұруға мүмкіндік алуға болады.