Қазақстанда кітап бизнесін дамыту үшін не қажет
блог
Бұл сауалдарға еліміздегі ең ауқымды кітап фестивалінде Forbes.кz тілшісіне сұхбат берген авторлар жауап береді.
2019 жылдың 25 тамызы. Астаналық Арбат. Бас қалада алғаш ең ауқымды «KITAP FEST 2019» фестивалі болып өтті. Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, «Baurzhan» жеке қоры, «ABAYbooks» баспа үйі ұйымдастырды. Жобаның бас үйлестірушісі Майра Әлжанованың айтуынша жастар жылына орайластырылған жобаның басты мақсаты - оқырман мәдениетін қалыптастыру, жазушылар мен оқырмандарға бірыңғай алаң ұсыну, жастар мен балаларды кітапқа баулу.
- KITAP FEST Нұр-Сұлтан қаласында алғаш өтіп отыр. Бұға дейін Алматыда 5 жыл қатарынан ұйымдастырып келдік. Жобаға 25 астам кітап дүкендері қатысты. Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шыққан 10-нан астам акция өтті. Олардың қатарында танымал тұлғалардың танымдық сұхбаттары, жаңа туындылардың тұсаукесерлері, I BOOK YOU кітап алмасу дәстүрі, кітап жәрмеңкесі, архивтік фотосуреттер көрмесі және т.б. ба. -дейді Майра.
«Жазушылар шатырында» оқырмандар сүйікті қаламгерлерімен кездесіп, жаңа кітаптардың таныстырылымына қатысты. Атап айтқанда, танымал пианист, Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова «Вариации на темы» кітабын, Еңбек сіңірген журналист, философия ғылымдарының кандидаты, зерттеуші Зира Наурызбаева «Четыре облака» атты еңбегін, жазушы, продюсер, режиссер, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Айдие Айдарбеков «Мое море – твое небо» атты өлеңдер жинағын, Халықаралық Өнер фестивалінің лауреаты, ақын Айжан Табаракқызы«Сен жыламашы» кітабын, балалар жазушысы, сценарист Зәуре Төреханова «Амина Туран в стране номадов» романын, жазушы, «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты Тинкай Кретова «Казахстанец» шығармасын, жас жазушы, экономика және бизнес магистрі Әсел Қайратқызы «Қыз өссе елдің көркі» атты туындысын таныстырды.
- Фестивальдің бұл бөлігінде сондай-ақ, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Серікзат Дүйсенғазы жинағына енген жырларын ортаға салса, экономика ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мырзагелді Кемел«Кітап – рухани құндылық» тақырыбында ой толғады, - дейді жобаның бас үйлестірушісі.