Қазақстанда ауа баптағыштар сұранысқа ие ма?

Қазақстанда ауа баптағыштар сұранысқа ие ма?
жеке
блог

Жалпы 2015 жылы тұрмыстық техника мен электрониканың сатылым көлемі төмендеді. Мысалы: Kaspi Bank сарапшыларының мәліметі бойынша желдеткіш (ауа баптағыш емес) құрылғыларға сұраныс  38%, шағын тұрмыстық техникаларға 25%-ға азайған.

Қазақстандықтар теледидар мен фото, видеокамераларды да аз ала бастаған. Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда компьютер, кір жуғыш машиналар мен кондиционерлерге сұраныс азаймаған, керісінше көбейе түскен*. Жылытқыштарға да сұраныс артқан. 



2016 жылы өзгермелі, салқындау ауа райына қарамастан кондиционерлерге сұраныстың артуын Kaspi.kz онлайн магазиніндегі мәліметтер де растайды. Соңғы 3 айда сайт арқылы 1000-нан астам кондиционер сатылған. Бұл былтыр жыл бойы сатылғаннан көп.

Kaspi.kz мәліметінше сатып алынған ауа баптағыштардың жартысы – қытайлық өнім. Танымалдылық жағынан келесі кезекте ресейлік өнімдер тұр (жалпы сатылым көлемінің16%). Бұдан кейін қазақстандық және оңтүстіккореялық (13%). Ал, Италия, АҚШ , Швеция, Турция, Индия, Франциялық кондиционерлердің өтімділігі жалпы сатылымның 9% құраған.

Сатылған кондиционердің ең көбі – сплит жүйелік. Kaspi.kz арқылы сатылған ауа баптағыштың 70%-дан астамының түрі осындай.

Ал, марка жағынан қытайлық Midea мен TCL, ресейлік Elenberg пен қазақстандық Almacom көп сатылған. Бұл төрт марка жалпы сатылымның 64%-ын құраған.

Kaspi.kz арқылы соңғы 3 айда кондиционер сатып алушылардың  5% ғана қолма-қол сатып алуды жөн көрген. 23%-ы  3 айға бөліп төлеу арқылы алған. 72% 6 айдан 2 жылға дейін кредитке рәсімдеген.

Ең белсенді сатып алушылар – 25-30 жас аралығындағы жастар. Олардың үлесіне сатылған ауа баптағыштардың жартысы келеді. Тағы 30% 36-50 жас аралығында.

Сатып алушылардың  63% отбасылы. Бодақтар мен тұрмысқа шықпағандардың үлесі 25% ғана. Отбасылы адамдар арасында сатып алушылар негізінен баласы жоқ немесе бір-екі балалылар ғана. Үш немесе одан көп баласы бар сатып алушылардың үлесі 7% ғана.

Тауарларды  кредитке рәсімдегендердің көпшілігі табысы ортадан жоғарылар. Kaspi.kz арқылы ауа баптағыш сатып алғандардың 85%-ның айлық табысы 150 мың теңгеден жоғары.  Кондиционер сатып алушылар тек ірі қалалардың тұрғындары емес, аудан тұрғындары да бар. Ең көп сатып алушылар Алматылықтар. Олардың үлесі - 40%. Сайт арқылы Шымкент, Ақтау, Атырау, Орал қаласының тұрғындары да кондиционерді белсенді сатып алған.