Қазақстанда архивистерді даярлаудағы университеттің рөлі

Узенбек Даурбек Сардарұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, арих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты

Ғылыми жетекші Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлы, т.ғ.д., профессор

     Қазіргі таңдағы қоғам архив ісінде қызмет атқаратын мамандардан жоғары кәсіби қабілетті талап етеді. Бұл салада да жақсы дайындалған, өз ісін жетік білетін мамандар қажет. Геометриялық прогреспен өсіп келе жатқан заманауи технологиялық үдерістердегі құжат айналымы, әлемдік ақпараттық кеңістікті жаңарту барысындағы қоғамның сұраныстары мен қажеттіліктері архив қызметкерлерінен архивтану, құжаттану, тарих, әлемдік мәдениет, құқық, ақпараттық технологиялар және басқа да салалар бойынша жан-жақты білімдерді талап етеді. Жоғары арнайы білімі бар архив саласы мамандарының мұндай деңгейін даярлау жоғары оқу орындарының бүгінгі күндегі өзекті мәселесі болып табылады. Әсіресе, жаһанданудың, қызметтің барлық салаларында көрініс табатын белсенді халықаралық ынтымақтастықтың қазіргі заманғы жағдайларында оқыту жүйесінің, оның ішінде әр түрлі елдердің жоғары оқу орындарындағы үйлесімділігінің мүмкіндігі аса өзекті болып табылады.

    Тәуелсіз Қазақстан үшін архив бойынша жоғары білімінің көне және құрметті дәстүрлерінің бірі Ресейдің оқыту жүйесі болып отыр. Қазақстанның архив мекемелеріне арналған арнайы мамандар кеңестік кезеңде негізінен қазіргі РМГУ-дың тарихи-архив институтындағы архив ісі факультетінде даярланды. 1990 жылдан бастап мемлекеттік архивтер үшін дипломды тарихшы-архивистерді Қазақстанда С.М. Киров атындағы ал-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетінде оқытуды қолға алды.  1990 жылдың 29 мамырында «0208 тарихи-архивтану» мамандығы ашылып, 25 адамды жаңа мамандыққа қабылдау мүмкіншілікке ие болды. Бұл сол уақыттағы Орта Азиядағы жоғарғы оқу орындарындағы алғашқы мамандықтың бірі болды. 

   1991 жылы «Архивтану» мамандығы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ашылды, ал 1999 жылдан бастап экономика және қаржы факультетінде «Құжаттану және құжаттық басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы ашылды. Өкінішке орай  2004 жылдан бастап университет бұл мамандықтарда маман даярлауды тоқтатты.

      Қазақстандағы жоғарғы оқу арындарында архивист және құжаттанушы мамандарды даярлау тек 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қайта қолға алып,                        « Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқару» мамандығы ашылды, ал 2012 жылы алғашқы магистранттар өз оқуларын бастады. Нәтижесінде 2014 жылы архивтану мамандығының ең алғашқы түлектері, олардың ішінде бакалаврдан – 8 адам және магистратурадан  – 9 адам оқуларын аяқтап, жұмыспен қамтамасыз етілді.

   Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Орта Азиядағы архивист және құжаттанушы мамандарды даярлаудағы жетекші оқу орындарының бірі. Университет  Республика аймағында орналасқан мемлкеттік архивтермен тікелей байланыс орнатты. Нәтижесінде дәстүрге айналған олимпиадалар, жазғы мектептер, конференциялар мен дөңгелек үстелдер, шетелдік мамандардың семинарлары өтіп жатыр. Мәселен, 2017 жылы  әл-Фараби атындағы ҚҰУ жәнеде РМГУ, ҚР президентінің архиві және т.б. мемлекеттік және қалалық архивтер арасында Бірінші Жазғы Мектеп ашылды. Жазғы Мектепке РМГУ құрметті ұстазы, профессор, т.ғ.д. М.В. Ларин өз лекцияларын оқыды. Тыңдаушылар арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Белорусиядан келген архивист мамандар болды жәнеде ҚҰУ жас архивист студенттері де қатысты. Кейінгі жылдары Жазғы Мектеп халықаралық деңгейге көтеріліп, шетелдік мамандар келіп өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

    2017 жыл әл-Фараби атындағы ҚҰУ жас архивист студенттер үшін жемісті жыл болды. Осы жылы әл-Фараби атындағы ҚҰУ және ҚР президентінің архиві бірлесе отырып жас архивистердің қалалық олимпиадасы өтті. Жеңімпаз студенттерге әр түрлі деңгейдегі сый-сыйапаттар берілді.

   Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы ҚҰУ  архивист студентер мен магистранттарға тәжірибие алмасулары үшін академиялық байланыстар орнатылған. Мәселен, студенттер Ресей, Украина, Белорусия жәнеде Польша секілді мемлекеттердегі жоғарғы оқу орындарына барып оқуларына, тәжірибеден өтулеріне мүмкіндік ашылды.

    Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дің тарих, археология және этнология факультетінде көптеген клубтар бар. Солардың арасында «Жас архивист» атты клуб өз жұмысын атқарады. Клуб мүшелері қызықты және актуальды тақырыптар бойынша жиындар,  архив мекемелеріне экскурсиялар мен тәжірбиелерге барып, студенттік шақтарын қызықты да және пайдалы өткізуде. Мемлекетімізде дәл қазір архив ісін жандандыру мәселесі «Архив 2025» бағдарламасы негізінде қолға алынуда. Бағдарлама аясында көптеген іс шаралар, жиындар мен конференциялар, олимпиадалар, іс сапарлар әл-Фараби атындағы ҚҰУ-де өткізілді және алда өткізілетіні қаншама. Қорытындылайтын болсақ, «Бүгінгі күні өз тарихын құжат арқылы дәлелдей алмайтын мемлекетке тарих сахынасынан орын жоқ!».



Бөлісу: