Қазақстанда ағылшын тілін оқыту деңгейі қандай?

Қазақстанда ағылшын тілін оқыту деңгейі қандай? Ағылшын тілін қалай тез әрі сапалы  меңгеруге болады?

  Елбасы өз жолдауында әрбір қазақстандық  үш тұғырлы тілді болуын  баса айта келіп,білуге міндетейді.Сондықтан, ағылшын тілі біздің елімізде маңызды тіл болып саналады.

  Шынында,ағылшын тілінің пайдасы мен қолданысы дүние жүзі бойынша өте жоғары деңгейде, Қазақстанның болашағы десе де болады.Барлық шет елдермен қарым-қатынас,іс-шаралар,келісімдер осы ағылшын тілінде жүргізіледі,себебі,мемлекет аралық тіл болып табылады. Дүниежүзінің көптеген елдері осы тілде сөйлейді және түсінеді.Мәселен Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Ирландия, АҚШ(Америка Құрама штаттары) елдерде бұл тіл бірінші яғни, ана тілі болып саналады.Байқап отырсақ, дамыған,алдыңғы қатарлы әлемдік державалардың қатарындағы елдер осы тілді қатынас ретінде қолданады.Егер ағылшын тілін толықтай меңгеріп,оны жоғары деңгейде қолдансақ бізде дамыған елдер қатарынан табылатынымыз сөзсіз.

  Біздің елімізде ағылшын тілін оқыту орталықтары жеткілікті ме, және олардың оқыту деңгейі мен әдістемелері қандай?

  Менің ойымша, елімізде, ағылшын тілін оқыту орташа деңгейде.Мәселен,еліміздің кәдімгі орта мектептері ағылшын тіліне аса көп мән бермейді.Оқушылардың қызғушылығы және қалауы бойынша олар бұл тілді дамытып тереңдетіп оқығысы келеді, сондықтан, репетиторлердің немесе ағылшын тілін оқытатын арнайы оқу орталықтарының  көмегіне жүгінеді.Арнайы ағылшын тілін оқытатын орталықтардың білімі кәдімгі мектеп бағдарламаларынан едәуір жоғары. Ал мұндай оқу ортарлықтарының  саны жеткілікті  болғанымен  ақылы. Мәселен, “ExELT”,”SunRise”,”Aseras”,”Дарина” тағы басқалары.Бұлардың оқу әдістемелері де әртүрлі.Мәселен,”ЕxELT” грамматиканы қатаң түрде оқытса,”Aseras” ойын түрінде оқытады.Егер осындай әдістермен оқытса,оқушы ағылшын тілін жақсы меңгеріп шығатыны сөзсіз,дегенмен,көпшілік жағдайда ата-аналардың қаражатының аздығы балаларының ақылы оқуына кедергі жасайды.Менің ойымша, мектеп бағдарламаларында көбірек көңіл аударылса,оқушыларға ағылшын тілін меңгеру қол жетімді болар еді.

Ағылшын тілін сонымен қатар тез әрі сапалы оқығыңыз келсе:

1) ағылшынша кітаптар оқыңыз,түсінбеген сөздеріңізді аударма көмегімен аударыңыз;

2) ағылшынша музыкалар тыңдаңыз;

3) кинолар қараңыз астында аудармасымен,бұл сіздің тіліңізді жаттықтырады;

4) Сөйлеу.Ағылшынша көп сөйлеңіз,мұғалімдермен немесе достарыңызбен,бұл жақсы көмектеседі.

Өз басым,ағылшын тілін оқуға кеңес беремін.Ағылшын тілінің пайдасы өте зор.Сондықтан осы бастан оқу орталықтарына жазылыңыз.Ағылшын тілін жақсы білсеңіз өзіңізге және еліміздің дамуына септігін тигізесіз.

Есалин Аслан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы 11 «C» класы.



Бөлісу: