Қазақстан- зайырлы мемлекет

Қазақстан- зайырлы мемлекет
жеке
блог

XXI ғасырдың тілсіз жауы - терроризм. Қазіргі дамыған заман қоғамының ең үлкен мәселелерінің қатарын террористік және экстремистік әрекеттер жинақтап отыр. Ақпараттық қоғам дамыған заманда терроризм сан түрлі бағытта таралады. Олардың қатарында: күнделікті WhatsApp желісінде жіберілетін жалған ақпараттар, түрлі стикерлер(стикерді жасаушы топ не мақсатта жасады және оның не жазғандығы белгісіз), аудиожазбалар мен видеороликтер, You tube арналарындағы түрлі уәж,уағыздар және тағы басқалары кіріктірілген.
Терроризм-бұл басқа ағымдағы адамдардың белгілі бір тұрақты мекендегі адамдарға залал келтіруі,қыстауы,яғни өрт қою не болмаса жарылыс жасап,күш көрсетуі. Террористердің жалпы қатарын санасы басқалай ойлайтын,дінге сенбеуші,бөгде бағытты ұстанушыларды құрайды. Көп жағдайда бұл әрекетке айтылған уәждерге сеніп, берілуінің нәтижесінде келеді. Сол үшін де саналы ұрпақ қалыптастыру қазіргі заманның саяси-әлеуметтік мәселелерінің бір тақтасында орын алып отыр. Себебі,мысалға алар болсақ діни экстремизм- терроризм іспетті сананы улауға икемді. Яғни, белгілі бір дінді насихаттап,қолдану арқылы өз мүддесіне қол жеткізіп,өзін таба алмай жүрген немесе басқа да адамдардың бойындағы дінге деген көзқарасын өзгертіп ,басқа ағымға түсіру. Бұндай жағдайда адамның санасы бөгде ағымға радикалды тұрғыда сеніп, деструктивті әрекеттер жасауға дайын бола түседі. Татуласу,сыйласу сынды қасиеттер жат дүниеге айналып,адам бойын жеккөрініш ,қатыгездік сезімдері билейді.
Қазіргі таңда, жат ағымдарға түсуші топтар саны жыл өткен сайын өсіп келеді. Басты себеп жеткіншектің,тұлғаның бұрыс ақпараттарды санасына қондыруы және қадағаланбауы. Осы жағдайларға байланысты мемлекеттік ұйымдар психологиялық тұрғыдан көмектесу үшін әрекет етуде. Жалпы әр студент,оқушылардан сұрақ-жауап алып,сауалнама жүргізу тиімді. Бұл жағдайда әр тұлғаның дұрыс не бұрыс жолды таңдағанын аңғарып,көмек көрсету міндеттелген.
Менің ойымша, зайырлы мемлекет-әлеуметтік теңсіздікті толықтай қамтамасыз ететін,қасиетті қоныс,тыныш өмір мен саналы ұрпақ болып қалыптасуға толықтай әсер беретін әлеуметтік-саяси жүйені құраушы мемлекет. Жалпылама тұрғыда қарастыратын болсақ зайырлы мемлекеттің түп бейнесі нақ осындай. Яғни зайырлы мемлекет-дін бойынша бөлініп,шектеу жасамайды,негізгі түйінін алатын болсақ, зайырлы мемлекеттің қалыптасуына дін идеологиясы ықпал ете алмайды. Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдерін арқасына салды,әр ұлттың,оның ішінде әр тұлғаның өзінің ұстанатын діні бар және оған ешқандай шектеу қойылмаған. Яғни дін бойынша бөліну не болмаса басқа дінді төмендету адам санасында қалыптаспауы керек.
Қазақстан республикасы-зайырлы мемлекет. Бұрыс жолмен жүремін деп өз жолыңды жоғалтып алма! Діни негізде саяси партия құру- зайырлы мемлекетке тән көрініс емес. Дұрыс жолмен бағыт таңда жеткіншек, сонда сенің жолын таза, болашағын бар болмақ. Біз сананы улап,көпті жазым етіп,көпті бұрыс бағытқа түсірген экстремизм мен терроризмге қарсымыз