Қазақстан телеарнасының бүгінгі келбеті

Қазіргі таңда телеарналардың саны көңіл қуантарлық.Алайда сапасы әртүрлі. Бірі халыққа нақты,жаңа ақпарат таратса, кейбірі сол нұсқаны қайталаумен ғана шектеледі. Қазақстан телеарнасы бүгінде рейтингі жоғары, көрермені көп, халықтың ойынан шығып жүрген бірден бір телеарна.
Бүгінгі күні ел аумағында хабар тара­тып жүрген барлық телеарналар «Қа­зақ­стан» телеарнасының бауырынан жеке отау құрып шыққаны белгілі. Өзінің 55 жылдық тарихында бұл телеарна түрлі өзгерістерді бастан өткерді. Қай кезде де мем­лекеттік ақпараттық саясатты жүргі­зу­ші телеарна өзінің Қазақ телевизиясының көшбасшы кескін келбеті мен беделін сақтай білді. «Қазақстан» арнасының толығымен қазақ тілінде хабар таратуы – ұлттық сана-сезіміміздің оянуы мен қазақ тіліне шынайы сұраныстың белгісі. Бұл табыс еліміздегі тіл саясатында жүргізіліп келе жатқан Елбасының сындарлы саяса­ты­ның шынайы жетістігі. Шынын айтуы­мыз керек, телеарнамыз 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақ тіліне толықтай көшкен кезде телеарнаның бағ­дар­ламалар жүйесіне, оның болашағына күмән­мен қарағандар да болды. Бірақ біз өз ана тіліміздің өміршеңдігін сапалы жобаларды көрермендерге ұсыну арқылы тағы бір рет дәлелдедік десек болады. Бұл зерттеу нәтижесі – еліміздегі қазақ тілінің мәртебесінің өскендігінің, қазақ тіліндегі сапалы отандық телевизиялық өнімге сұраныстың артқандығының жарқын көрі­нісі. Сондай-ақ 100 пайыз қазақ ті­лін­де сөйлейтін ұлттық арнаның рей­тин­гілік көрсеткішінің жоғарылауы – арнаның кәсібилік деңгейінің жақсаруы мен халықтың сұранысын қанағаттандыратын сапалы өнімдердің көбеюінде. Әрине, көрермендерді күнұзақ тек бір телеарнаның алдында ғана отырғызып қоюға болады деп айту жаңсақ пікір. Әйтсе де ақпараттық кеңістіктегі ашық саясат орын алған біздің елде алуан түрлі ойын-сауықтық бағ­дар­ламалар ұсынатын өзге телеарналармен иық тірестіріп, көрермендердің көзайы­мына айналу үлкен шығармашылық із­де­ніс пен табандылықты қажет ететін шаруа. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық арна өзінің бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеуге нық қадам жасағандығына назар ауда­рамын. Өздеріңіз білесіздер, соңғы 3-4 жылда ғана отандық телехикаялар түсіріле бастады. Олардың сапасына сенімсіздік танытқандар да табылды арамызда. Дегенмен арнайы тапсырыспен түсірілген отандық телехикаялар қазіргі уақытта халық махаббатына бөлене бастады деп нық сеніммен айта аламыз. Жоғары рей­тингке қол жеткізуіміздің тағы бір сыры, міне осы отандық телехикаялардың телекөрсетілім көрсеткіштерінің өсуімен де тікелей байланысты. Бұған қоса, телеар­намыздың бағдарламалар кестесіндегі ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік, танымдық хабарлары, қызықты мега­жо­балары да көрермендеріміздің көңілінен шығып келеді. «Қа­зақстан» ұлттық арнасы көрермен сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, халықтың көкейіндегісін таба білгендігін айғақтайды.



Бөлісу: