Қазақстан спорты туралы ой
блог
Лондон. 2012 жыл. 12 тамыз. Еліміз үшін ең сәтті болған олимпиадада Серік Сәпиев Қазақстан қоржынына 7-ші алтын медаль салды. Не деген бақыт! Не деген қуаныш!
...Бірақ өзге медаль иегерлеріне көз жүгіртсек, көңілім аздап түсіп қалады. Себебі жеті чемпионның үшеуі шетелден әкелінген атлеттер болып табылады. Осындай кезде ойыма мынадай сұрақ келеді: шетелден дайын спортшыларды шақырудың Қазақстан спортының дамуына әсері қандай?
Әрине бұл тәсіл әлемнің көптеген елдерінде қолданылады, және де жетістікке тез жетудің оңай жолы. Сол себепті мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін бұл спортшыларға жергілікті атлеттерге қарағанда анағұрлым көп ақша жұмсалады. Мысалы, Астананың "Барыс" хоккей командасының ойының жақсарту үшін Солтүстік Америкадан көптеген мықты ойыншыларының көмегіне жүгінеміз.Осының нәтижесінде Боченски, Доус сияқты хоккейшілерге жанкүйер болуға мәжбүрміз.
Дегенмен шетелдік спортшылардың Қазақстан спортының дамуына да оң әсері бар. Біріншіден, споршылар арасында бәсекелестікті арттырады. Екіншіден, халық арасында спортты насихаттап, жас балалардың спортпен шұғылдануына жақсы жағынан әсер етуде. Соның арқасында қазіргі кезде өзіміздің жергілікті чемпиондар көбею үстінде. Атап айтсақ, Жазира Жаппарқұл жастар арасындағы олимпиада жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, осы спортшылардың ең үлкен пайдасы еліміздің халықаралық аренада имиджін көтеріп, Қазақстанның беделін көтеруде. Сондықтан еліміздің әлемдегі спорт державасына айналуы үшін шетелдік спортшыларды тартуын қолдаймын.
Ал сіз қалай ойлайсыз?