Қазақстан кітап оқудан артта қалды
блог
Кітап оқу қабілеттілігі бойынша сараптамалық жұмыс жүргізілді. Сараптама нәтижесінде, Қазақстан жастары кітап оқудан артта қалған. Министр Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, еліміздегі балалар кітапты оқуға келгенде жалқаулық танытатыны бір бөлек, кейде оқыған мәтінді нашар түсініп, дұрыс қабылдай алмайды. Оған қоса талдау және қорытынды жасау дағдысы да ақсап тұр.Ал бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақ тәрбиелегісі келетін қоғам үшін бұл- үлкен проблема. Сондықтан біз де өз бетімізбен зерттеу жүргіздік.
10 сынып оқушысы Диана Ахметкереева жылына тек 2-3 кітап оқиды екен. Неге десеңіз, уақыт тапшы, кейде еріншектігім де ұстап қалады,- дейді. Оған қоса, кітапты да жай оқиды. Оқу барысында телефонға көп алаңдайтыны да бар. Бұл баланы жасынан еңбекке баулып, кітап оқуға машықтандырмағаннан болар...
Ал екінші кейіпкеріміз Айсұлу Жұмағалиева 4 курс студенті. Айсұлу орысша, ағылшынша кітаптарды оқиды. Өйткені қазақ тіліндегі кітаптарды оқу оған қиынға соғады. Ал орыс тіліндегі оқулықтарды түсіну әлдеқайда оңайырақ. Ағылшын тіліндегі кітаптар болса, мамандығына байланысты екен. 300-400 беттік кітапты 1-2 жетіде оқып бітіреді екен. Оған барлық жанрдағы кітаптар ұнайды. Кітап талғамайды.
Ендігі Зарина Сагинғалиева 4 курс студенті. Психология факультетінде оқитын Зарина қазақ тііліндегі кітаптарды оқиды. Өйткені, болашақта оған кеңеске келетін жандардың сауалына қазақша жауап бергім келеді,- дейді аруымыз. Десе де, қазақ тіліндегі кітаптарды оқып қана қоймай, орыс тіліндегі кітаптарды да еш қиналмастан оқып, түсіне алады.
Себеп бәріне түсінікті болар. Баланы жасынан еліктіріп, кітап оқуға деген құлшынысын арттырсақ, осындай едәуір мәселердің шешімін таба аламыз. Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан,-- дейді қазақ халқы. Сол сынды жарқын болашақтың кепілі- еңбек, білім, ой-сана.