Қазақстан қоғамындағы дін

Қазақстан қоғамындағы дін
жеке
блог

Конституция әркімге ар-ождан бостандығына кепілдік береді, сондай-ақ діни, этникалық және өзге де белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген нысандарына тыйым салады. Ар-ождан бостандығы әр азаматтың өзі үшін рухани құндылықтар жүйесін өз бетінше таңдау құқығын білдіреді. Азаматтардың діни сенім бостандығына адам құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету көпконфессиялы ел ретінде Қазақстан Республикасының өмірлік маңызды мүдделеріне жатады және оның демократиялық және құқықтық дамуының негізгі құраушыларының бірі болып табылады. Қазақстан өз қызметінде адам құқықтары саласындағы жалпы танылған халықаралық актілерге сүйенеді. Дін және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық нормативтік база жалпыеуропалық және әлемдік демократиялық стандарттарға сәйкес келеді. Көптеген сарапшылардың қорытындыларына сәйкес, еліміздің заңнамасы ЕҚЫҰ және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар қабылдаған халықаралық стандарттардың негізінде жатқан базалық қағидаттарға, сондай-ақ дамыған демократиялық мемлекеттердің тәжірибесіне сәйкес келеді.
Қазақстан үшін дәстүрлі діни ілімдермен (ханафи бағытындағы ислам және православиелік бағыттағы христиан діні), сондай-ақ жаңа діндер мен конфессиялармен ұсынылған елдің конфессиялық әралуандығы қазіргі уақытта мемлекеттегі қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етеді. Республикада көпэтносты және көпконфессиялы Қазақстан халқының діни мүдделерін білдіретін 18 конфессияның өкілдері өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстандағы діндер әртүрлі этностардың, тілдік, мәдени және әлеуметтік топтардың, әртүрлі діни нанымдарды ұстанатын, діни практикамен және қоршаған әлемге көзқарастармен ерекшеленетін адамдармен ұсынылған. 

Орындаған:Әбіш Айнұр
Ғылыми жетекші: Мұқан Нұрзат