Қазақстан киноиндустриясы

Бүгінгі таңда киноиндустрияның дамуы елдің жалпы мәдениетін дамытуда үлкен септігін тигізеді. Әлем бойынша, әсіресе Батыс елдерінде көптеген кинофильмдер түсіріліп, әлемнен қомақты қаражат жинайды. Қазақстан Республикасы киноиндустриясына келетін болсақ, біздің елде фильмдердің саны бұрынғыға қарағанда көбірек түсіріліп келеді. Оның ішінде әсіресе: "Көшпенділер"; "Жаужүрек мың бала","Балалық шағымның аспаны", "Шал";"Ғашық жүрек"(1,2); "Он и Она" және тағы басқа туындылар еске түседі. Бұл фильмдер, жалпы алғанда, сапасы жағынан өте жақсы. Алайда, бұл секілді фильмдер біздің еліміздің адамдарында, батыстың көптеген туындылары беретін шаттану әсері немесе мол қызығушылық тудырмайды. Сонымен қатар, бүкіл елді ғана емес басқа мемлекеттердің де назарын өзіне қарататындай туындылар біздің елімізде әлі түсіріле қойған жоқ. Сонда осы тым болмаса өз еліміздің адамдары қызығып қарайтындай туындылар шығару үшін біздің киноиндустрия саласында жұмыс істейтін мамандарға қандай кемшіліктерге көңіл аудару қажет? Менің ойымша, кинотуындыларға ең әділ сынды осы көрермендер жеткізе алады.  



Бөлісу: