Қазақстан кинематографы жайында...

Қазақстан кинематографы жайында...
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар! Бүгін мен қазіргі таңдағы Қазақстан кинематографы жайында ой қозғағым келіп отыр. Бұл блогта барлық ойларыммен бөліскім келеді. Соңғы жылдарда жарық көрген фильмдердің тізімі мен олардың қанша қаражат тапқанын қарау үшін Гуглдың көмегіне жүгінбеімін.  Бұнда жазылғанның барлығы- менің жеке пікірім. Егер осы ойларым біреудің көңіліне тиіп жатса, әрікімнің оқуды тоқтатуға мүмкіндігі бар. Оны жауып тастау үшін экранның жоғарғ ы оң жақ бөлігіндегі қызыл шаршының ішінде бейнелегнег ақ Х белгісін басу керек. Ал егер бұл блогты аяғыңызда емес, қолыңызда тұрып оқитын болсаңыз, бұл белгі төменгі сол жақ бұрышта орналасқан. Қысқасы, өздіріңіз шешерсіздер. Ал, кеттік!

Өз басым отандық картиналарға жақында ғана қызыға бастадым. Елімізде шыққан кинотуындылардың арасынан ойыма бірінші болып келетіні- Ақан Сатаевтің «Рэкетир» жобасы. Ол кезде мен «Бригада», «Бумер» және «Бандитский Петербург» фильмдерін көріп, солар сынды беделді «бригадир» болуды аңсайтын қарапайы оқушы едім. Өздеріңіз көріп отырғандай, «бригадирге» айналмадым. Бұндай күшті «бригадирлер» блог жазудан аулақ сияқты. Дегенмен, кезіндігі Саша Белый бүгін Есениннің өлеңдерін жатқа айтып, сол туындылармен гастролдік сапарларға шығуда. Яғни, екеуіміздің арасында ұқсастық та бар.  Мәселен, мен стендаппен айналысамын.

Кино туындыларға оралатын болсақ, «Рэкетир» шынымен де жақсы фильм. Алайда, фильмге біраз тапқырлық пен креатив жетіспегендей. Мысалы, фильмдегі Саянның рөлін Саят Исембаев, Әселдің рөлін Әсел Сағатова ал Жанның рөлін Жанат Байжанбаев сомдаған. Соған қарамастан, фильм шынымен де халықтың көңілінен шыққан. Оған қоса, бұндағы кейіпкерлердің бірінің аты менікіндей- Аман. Бұл фильмнің жарнама компаниясына қосымша 1000 ұпай әкеледі.

Ойыма келетін келесі кино туынды- «Сказ о Розовом зайце». Қателеспесем, Фархат Шәріпов атты жас режиссердің жобасы. Бұл кино да жақсы шыққан деп ойлаймын. Фильм шыққан кезде көр деп талай таныстарым кеңес берген. Әнуар Нұрпеисов, қарапайым сөзбен айтақанда, алтын немесе ауқатты ортадан шыққан қызға ғашық болып қалған ауданнанның студентін рөлін керемет сомдады. Айтпақшы, кинодағы бұл қыз, Джейраның, айтуынша- жігіттің ең тартымды қасиеті- ақылы.  АлдағыӘнуар мен кітап оқымайтын модельдердің арасындағы жанжал осы сөзден болу керек.  Кім білсін...

Ал енді ең соңғы фильмге көшейік.  Бұл- Асқар Ұзабаевтың «Келинка тоже человек» туындысы. Фильмді шығырған адамдардан жабық көрсетілімге шақыру алғандықтан, ол туралы жаман пікір қалдыруға дәтім бармайды. Қалжың, әрине. Фильм,  шынымен де, керемет шыққан. Актерлік шеберлік үшін Данагүл Темірсұлтанова мен Әсел Садуақасоваға арнайы алғыс білдіремін. Денелердің алмасуын табиғи жеткізгені соншалықты, мен расында да оның шын екеніне сенгендей болдым. Бұл ғажап болды. Басты рөлдердің бірін сомдаған жас талантты актер Данияр Алшинов та көрерменге өзінің әр түрлі образдарға ене алатынын дәлелдеді. Қысқасы, киноға барып, бұған өздеріңіз куә болыңыздар.

 

 

Айтпақшы, фильмдерге рецензия жаза алмайтынымды ең басында айтуға ұмытып кетіппін.

Барлықтарыңызға рахмет!

Отандық фильмдерді көруге шақырамын, достар!