Қазақстан қазіргі бірлігің қалай?

«Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады»

Әлихан Бөкейханов

Қазіргі қоғам келбеті итше ырылдасқан адамдардың бейнесіне толы.Сол қоғам ішінде қазақ елі жағдайыда мәз емес.Екі жақты пікір қалыптасқан қоғамда әлбетте кішігірім дебат туындайтыны анық.Бірақ мәселені шешетін дау емес,бақа-шаянның бақастығы толған айқай-керіс көп белең алуда.Әлеуметтік желіде пікірлерді қарасаң,бір қазақ-бір қазақты ғайбаттап һәм жерден алып,жерге салып жатыр.Шынайы өмірде де адам арасында түкке тұрмайтын даулар мен қажеті жоқ керістерді күнде көреміз.Қарапайым халық ұрысы былай тұрғанда,тұлға деп айтар көкелерімізде бір-бірінен қалыспай,жағдайды одан әрі қиындатуда.Мысалға айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаровтың айтыстан мына үзіндісінін оқып көрсек:

«Бабалар бірлігінің арқасында

Ұлан Байтақ жер бізге болды аманат

Ал қазіргі ағалар алауыз боп

Өз қамдарын күйттеп жүр жорғалап ап

Бір ағам жер туралы үндеу айтса

Бір ағам үндемейді жерге қарап

Шатақшыл бір ағамыз мінбеде жүр

Атақты бір ағамды торға қамап

Жазушы бір ағамыз алыста жүр

Бір ақын ағамызды қорғамалап

Біреу жүр саудиялық саясатпен

Біреу жүр мысыр жақтан молда қарап

Біреу жүр астанаға ат берсек деп

Тумысынан төнімен төр жағалап

Керісінше бір ағам кері кетіп жүр

Советтің саясатын зор бағалап

Біз сонда қай ағадан үлгі аламыз

Елу жылға жетерде ел жаңалап

Ағалар айналайн есіңді жи

Тарта бермей оңда да,солға қарап»

 

Расында,айналамыздағы керістің яки түсініспеушілік даулардың арты бірлікке апармайды.Бір-бірін көре алмаушылық, одан бете аяқтан шалу,жеке бастың қамы,міне,осылар қазақтың бірлігінің нығаюна кері әсерін тигізіп жүр. «адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»- деген Абай Құнанбаевтың сөзін ескерсек бір-бірімізді бауыр көру былай тұрсын,тіптен әрі жау көріп кетіп жатырмыз.Әлбетте қоғам ішінде өзекті-өзекті мәселелерді қозғайтын дау болуы керек,бірақ ештеңе өзгертпейтін айқай-керіс керек емес.

 



Бөлісу: