Қазақстан – Қазақ елі болып өзгеруі туралы.
блог
Елбасы Нұрсултан Назарбаев осы жақында мемлекетіміздің атын-Қазақ елі деп өзгертуі туралы ой пікірін білдірді. Осы өзгерісті қарастыратын болсақ, жақсы жактары да, жаман жақтары да бар. Жақсы өзгерістердің бірі туристердің санын көбею. Нұрсултан Әбішұлы айтқандай, «стан» деген жалғауы шетел адамдардың пікірін жаман жаққа өзгертеді, себебі олар бізді Ауғаныстан, Пәкістан мемлекеттермен салыстыра бастайды. Сондай ойлар Қазақстанның деңгейін төмендетеді. Қазақстан мен Түркі тілдес елдеріне келетін туристтердің сандарына қарасақ үлкен айырмашылық көруге болады, өйткені президенттің айтқаны бойынша, Түркі тілдес мемлекеттерінде «стан» деген жалғауы жоқ.
Енді жаман жақтарын ұмытпай оларға көңіл берейік. Осындай түбегейлі өзгеріс қазіргі кұжаттарды іске жарамайтын етіп тастайды да, олардың бәрін жаңадан бастап өзгерту қажеттілігін туғызады. Бұл мәселені шешу үшін көптеген ақша жұмсау керегін көрсек, бұл ешкімге пайда әкелмейді деген ойды түсіне бастаймыз. Ақшаға басқа қолданыс табуға болады, мысалы, инфрақұрылымды дамыту, медицина, білім салаларында өзгерістер еңгізу.
Менің ойымша, бұл ұсыныс елге пайдалы болмай, тек қана мемлекеттің дамуын тоқтатып, қазіргі кездегі Қазақстанның девальвация себебінен көріп жатқан қиындықтарын ғана екі есе күшейтеді.
Назарларыңызға рақмет.