Қазақстан жаңа білім беру реформаларына дайын ба?
блог
Аннотация
Соңғы бес жылдықта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бағалау жүйесінен бастап, білім беру мазмұны, оқулықтар, мұғалімдердің сабақ өту методикасына дейін жан-жақты əсер еткен жаңа инновациялардың басты мақсаты білім беру системасымен бірге Қазақстанның одан əрі дамуын жүзеге асыру болғаны анық. Бірақ соған қарамастан, инновациялардың енгізілуінің алғашқы кезеңдерінен бастап оқушы, ата-ана, мұғалім тарапынан келген көпетеген наразылықтар мен шағымдар бұл жаңалықтардың ахуалы алаңдатады. Бұл зерттеу жұмысында білім беру ісіндегі инновацияларға деген наразылықтардың неге туындағаны зерттеліп, Қазақстан мектептерінің жаппай жаңа бағдарламаға көшуінің жағымды жəне жағымсыз салдарлары қарастырылады.
Кіріспе
Тəуелсіздік алған жылдар ішінде еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік- саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі — білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын, білім мен тəрбие беру қоғамдағы ең маңызды істердің бірі болып қала береді. Сондықтан да Қазақстанның даму жолындағы жасаған қадамдары еліміздің білім беру саласына да өз əсерін тигізуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті маман даярлау. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: “Білім жəне кəсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды,” - деп атап көрсетті.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Елбасы Білім жəне ғылым министрлігіне білім беру мазмұнын жаңартуды тапсырған болатын. Соған байланысты 2016 оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектептердің 1-сынып оқушылары жаңа жүйе бойынша оқыту басталды. Алайда, бұл өзгерістерге қарсы шыққан бірталай адамдар да баршылық. Бұл пікірлер бойынша, білім беру саласында жетістіктерге жету үшін жүйенің тұрақтылығы өте маңызды. Сондықтан “білім беру үрдісіне қатысты мектептегі білім берудің барлық реформаларын тоқтатып, осы бағыттағы бастамаларды тоқтату керек” деген ұстаным кеңінен таралуда. Əрине, оқу жүйесінің ұдайы «жетілдірілуі» - жаңа оқулықтар, жаңа пəндер, оқытудың жаңа формалары, нəтижелерді бағалаудың жаңа жүйесі - мұғалімдерден пəнді оқытуда ұсынылған жаңа форматты үнемі үйреніп отыруды талап етеді. Осылайша, мұғалім мен оқушының үнемі жаңалықтарға бейімделуі шарт болады. Бұл жағдай нəтижесінде мұғалімнің эффективті білім
беру қабілетінің азаюына, қалыпты əрі тиімді оқытуға шоғырланған жүйеде білім ала алмайтын оқушыларға алып келеді. Халықаралық мамандар Қазақстандағы білім беру жүйесінің эффективті болмауындағы басты себептердің білікті əрі жоғары квалификациялы мұғалімдердің аздығы əрі ауыл мен қалалардағы мектептердің жағлдайларының тең дəрежеде болмауы екендігін атап көрсетеді. Осы мəселелерге байланысты Қазақстанды білім берудің əлемдік деңгейіне шығару мақсатын жүзеге асыруға қазақ халқы əрі білім беру жүйесі дайын болмауы мүмкін.
Негізгі бөлім
Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда енгізілген ең маңызды білім беру реформалары төмендегідей:
- 12жылдықбілімберужүйесі
- Бес күндік оқу аптасы
- Мұғалімдердіңбіліктілігінарттырукурстары/семинарлары
- Бағалаудың критерияға негізделген жаңа жүйесі мен электронды журнал, Kundelik.kz
1.1.12 жылдық білім беру жүйесі
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу мақсаты негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру мəселесі қарастырылып, жаңа жүйеге енгізілген болатын. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Атап айтқанда, 12 жылдық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Дегенмен, осы жүйенің өз мақсатын жүзеге асырып, нық орнығуы үшін бірнеше мəселені ескеру өте маңызды. Мəселен, орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдайды. Əрине, əр елдің білім беру жəне тəрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де шетелдік 12
жылдық білім берудің тек оң жəне тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дəстүріне, мақсатына, өндірісі мен мəдениет сұранысына бейімдеу керек. Қазақстан өз білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуда. 12 жылдық білім беру бұл үлкен мақсаттың алғашқы сəтті қадамы деп айтуға да болады.
1.2. Бес күндік оқу аптасы
Білім жəне ғылым министрлігі мектептерде бес күндік оқу аптасына көшуді ұсынған болатын. Бұл мұғалімдер мен студенттерге толық демалуға мүмкіндік береді. Балалар үшін ата-анасының, отбасының тəрбиесі аса маңызды. Бес күндік оқу жүйесі балалардың сенбі, жексенбі күнгі демалыс уақытында ата-анасымен бірге болуына көп мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілетін арттыруға, қосымша білім алуына, əсіресе, спортпен, өнермен айналысуына көбірек уақыт беріледі. Білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты оқу мерзімінің ұзақтығы - 33 оқу аптасы. 1-сынып оқушылары сенбі күн есебінен 34 күн қосымша демалыс алады. Бұл қысқарған жұмыс режимі балаға эмоционалды жəне психологиялық жүктемені азайтады жəне есте сақтау, материалды меңгеру деңгейін жоғарылатады. Оқу жүйесінің қиындығына наразы оқушылар үшін ең тиімді жаңалықтың бес күндік оқу аптасы болғаны сөзсіз. Бүкіл дүние жүзі бойынша кеңінен таралып, қабылданған бұл стандарттың Қазақстанда да қабылдануы тиімді де ыңғайлы инновация деп айтуға болады.
1.3 Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары/семинарлары
Білім беру мазмұнын жаңарту үшін ең алдымен оны жүзеге асыратын сапалы маман даярлануы қажет. Ескі Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанның барлық мектептерінде 1-сынып оқушыларына сабақ беретін 73 мың мұғалім жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша даярланатынын айтқан болатын. Қазір осы бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. Мұғалімдерді жан-жақты даярлау үшін мемлекет бюджетінен тиісті қаражат бөлініп, даярлық курстары ұйымдастырылуда. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалында даярлық курсынан алдағы уақытта мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, білім бөлімдерінің əдіскерлері де өтетін болады. Мемлекет бюджеті есебінен мұғалімдерді даярлау жұмыстары алдымыздағы жылдары да жалғасатын болады. Жаңа жүйенің сəтті енгізілуінде білікті мұғалімдерді дайындау өте маңызды екені анық.
1.4. Бағалаудың критерияға негізделген жаңа жүйесі мен электронды журнал, Kundelik.kz
Критериалды бағалау - оқушының үлгерімін анықтаудағы инновациялық тəсіл. Бұл технология оқушының жеке жетістіктерін бағалауға, оның мықты жақтарын анықтауға жəне дамытуы керек жақтарын анық көрсетуге мүмкіндік береді. Критерийлер оқушының дағдыларын дамытуға жəне жеке жетістіктері мен есептеулерін дұрыс қарастыруға көмектеседі. Мұғалімдер барлық оқушы жайлы деректерді оқушының электронды күнделігіне қояды, ал ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімін интернет арқылы бақылай алады.
Бірақ та, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Ирина Смирнованың айтуынша, енгізілген СОР жəне СОЧ жүйесі толықтай ойластырылмаған. Ең көзге бататын кемшіліктердің бірі - барлық пəндер бойынша тесттерді бір күні өткізгенде туындайтын жағдай. «Кез-келген бағалау, əсіресе бағаның көп нəрсені шешетініне сенетін қоғамда өскен оқушылар үшін, өте маңызды. Бала күнделікті СОР немесе СОЧ емтихандарын жазғанда үнемі стресске душар болады, ал бұл баланың дамуына зиян келтіруімен қатар ата-ана үшін де өте қиын», - деді ол. Сонымен қатар, көптеген жұмыстарды тексеру, кейде Ирина Смирнованың айтуынша, емтихандардың бір уақытқа сəйкес келуіне байланысты мұғалімдер үшін шамадан тыс жұмыс болады. “Жалақысы аз болғандықтан, мұғалім жай ғана өмір сүру үшін кем дегенде 1,5 ставка қабылдауға мəжбүр. Егер ол 1,5 ставка алған болса, сəйкесінше, MCH жəне COP тексерістері көп болады. Ол СОЧ жəне COP нəтижелерін емтихан алған күні қою керек, бірақ күніне жеті параллель болса, онда əр сыныпта 30 адамнан тұратын болса, бұл 200 емтихан тексеру деген сөз. Ол осы жұмыстарды күні- түні тексеріп, содан кейін күнделікке қойып, əр оқушыға тиісінше кері байланыс бере алады ма? Бұл физикалық тұрғыдан мүмкін емес,” - деді депутат.
Сонымен қатар, Білім жəне ғылым министрлігі «Күнделік» электронды журналын уақытында толтыруды талап ететініне қарамастан, сайттағы ақаулар белгіленген мерзімде толтырып үлгеруге мүмкіндік бермейді. «СОР жəне СОЧ бағаларын тест өткізілген күні Күнделікке қою керек. Егер мұғалімде уақыт болмаса, онда бағдарламада олқылық пайда болады. Жалақы есептеу кезінде бұл сабақ есепке алынбайды. Мұғалімдер бұл мəселеге жиі шағым айтады. Күнделік бағдарламасы жиі істемей қалады, өйткені барлық мұғалімдер бағаларды бір уақытта толтырады. Сонымен қатар, кейбір мектептерде Интернет мүлдем жоқ», - деп атап өтті Ирина Смирнова.
Осы айтылғандардың барлығы мұғалімдердің, ата-аналардың жəне мектеп оқушыларының наразылығын тудырады. Алайда, депутат барлық түсініспеушіліктерге қарамастан, оқушылардың функционалдық білімін, алған білімінңің практикалық қолданысын бағалау кезінде жаңа бағалау жүйесін жақсы инновация ретінде санайтынын атап өтті. Əрине, аталмыш жағдайларды қарастырып, мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлы жағдай жасау – білім министрлігіің ең маңызды міндеті. Сондықтан, халық наразылығын тудырған
бұл мəселелерді толығымен шешпейінше, жаңа енгізілген бағалау жүйесін сəтті реформа деп айта алмаймыз.
Қорытынды
Білім беру бағдарламасының жаңа мазмұны оқушының берілген ақпаратты қалай немесе қаншалықты тез меңгергенін емес, оның сыни ойлау, берілген мəліметтерді анализдеу жəне пайымдау қабілетін дамытуға бағытталған. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты — оқушының функциолналды сауаттылығын арттыру. Бірақ енгізілген жүйе шынында да мақсатын жүзеге асыруда ма?
PISA тестінің 2018 нəтижелері туралы мəліметтер жарияланғаннан кейін елдің білім беру проблемалары туралы пікірталастардың тағы бір толқыны басталды. Тест мектеп оқушыларының білім деңгейінің 2009 жəне 2012 жылдармен салыстырғанда төмендегенін көрсетті. Əрине, жаңа енгізілген бағдарламаның нақты көрсеткіштерін болашақтағы нəтижелер айқын көрсетпек. Сондықтан да, əзірше бұндай статистикалардан жылдам қорытынды жасауға ерте.
Қазіргі кезде статистикаларға жүгінбесе де, халықтың жаңалықтарды қалай қабылдағанын бақылай отыра, қандай инновациялардың Білім беру сапасына жақсы əсер етіп, қайсыларының жаман əсер еткенін аңғаруға болады. Атап айтқанда, тиімді əрі эффективті болған өзгерістер қатарында
- 12жылдықбілімберужүйесі
- Бес күндік оқу аптасы
- Мұғалімдердіңбіліктілігінарттырукурстары/семинарлары
болса, халық наразылығын тудырған əрі проблемаларға алып келген инновациялар арасында ең маңыздысы Бағалаудың критерияға негізделген жаңа жүйесі мен электронды журнал, Kundelik.kz екенін атап өтуге болады.
Пайдаланылған əдебиеттер
OECD (2019), PISA 2018 Results. Kazakhstan. Cілтеме: https://www.oecd.org/ pisa/publications/PISA2018_CN_KAZ.pdf
Бодрова, Е.(2017, 23 қыркүйек).Как и почему изменится система образования в Казахстане? Cілтеме: https://informburo.kz/stati/kak-i- pochemu-izmenitsya-sistema-obrazovaniya-v-kazahstane.html
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 546 Қаулысы. Сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P070000546_
Гольник, О.(2019, 20 желтоқсан). Новая система образования в Казахстане. Сілтеме: https://www.nur.kz/1773601-novaa-sistema-obrazovania-v- kazahstane-2018-2019.html
Кусаинов, А.(2019, 20 желтоқсан). Про реформы школьного образования. Сілтеме: https://informburo.kz/mneniya/aidarkhan-kusainov/pro-reformy- shkolnogo-obrazovaniya.html
"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ə. НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан. Сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1200002050
Малакшинова, А.(2018, 9 қараша).СОЧ и СОР: что это за система и почему ею недовольны родители школьников. Сілтеме: https://informburo.kz/ stati/soch-i-sor-chto-eto-za-sistema-i-pochemu-eyu-nedovolny-roditeli- shkolnikov.html
Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Жанатаев Д.Ж.
Киікші Каусәр- 1 курс магистранты,
Әл-Фараби атындағы КазҰУ
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/27364/