Қазақстан Ұлттық арнасында алдағы жексенбіде «Қазақстан дауысы» жобасының кезекті көрсетілімі шығады. Тікелей эфирде 8 өнерпаз ғана бақ сынайды. Әр тәлімгерде бар-жоғы 2 әншіден қалды. Тәлімгерлер шәкірттері туралы не дейді?
Мәдина Садуақасова: Маған соңғы бір айдың ішінде 40 продюсер хабарласты
«Маған соңғы бір айдың ішінде 40 продюсер хабарласты. Олардың барлығы «Қазақстан дауысы» жобасында менің тобымда өнер көрсетіп жатқан Индира Еділбаеваға қызығушылық танытып отыр. Мен қарсы болмасам, Индирамен бірге жұмыс істегісі келетіндерін айтады. Хабарласқан продюсерлерге Индира менің жеке жобам емес екенін, оған «Қазақстан дауысы» жобасы аясында ғана тәлімгер болатынымды айтып түсіндірдім», дейді Мадина Садуақасова. Кеше өткен жартылай финалда Мадинаның тобында Ернұр көп дауыс жинап келесі кезеңге өтті. Ал Индира Еділбаеваны Мадина жобада қалдырды.
Медеу Арынбаев: Халықтың қалауы Гүлім Жүсіпбекова болса, мен не істей аламын
«Көрермендер дауыстарын Гүлімге емес, менің тобымдағы дарынды үміткерлерге бергенін қалаймын. Өйткені, Гүлім әнді бұдан артық айта алмайды. Оның вокалдық мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан оған диапазоны кең емес әндерді ғана таңдап беріп жатырмын. Бірақ оның әр кезеңнен қалай сүрінбей өтіп келе жатқанына таңқаламын. Ал кешегі эфирден кейін ештеңеге таңқалмайтын болдым», дейді Медеу Арынбаев. Қаңтардың 11-нен бері «Қазақстан дауысы» тележобасының жартылай финалында көрермендер Гүлім Жүсіпбековаға көп дауыс беріп жатыр. Дәстүрлі әнші халықтың қолдауының арқасында үш сыннан да сүрінбей өтті.
Алмас Кішкенбаев: «Қазақстан дауысы» жеңімпазына басты үміткердің бірі - Бауыржан Ретбаев
«Жартылай финалдың үш кезеңінде де Бауыржан ең көп дауыс жинады. Ол менің қолдауыма тәуелді емес. Халықтың ықыласымен-ақ жобаны жалғастырып келеді. Бауыржан жастар ұнататын бүгінгі заманның жаңа әндерін нақышына келтіріп орындайды. Оған әнді тапсырсаң да, шегіне жеткізіп айтып шығады» дейді Алмас Кішкенбаев. Бауыржан Ретбаевты жоба көрермендері жеңімпазға басты үміткер санайды. Ол өткен концертте «Өмір өтті» әнді Мейрамбек Беспаевтан асырып орындады. Әлеуметтік желілерде көпшіліктің қалдырған пікірлері осындай болды.
Нұрлан Албан: Ерманға бұл әнді мен таңдағаным жоқ
Ерман Бердалы лирик әнші. Ол өз дауысына лайық әндерді айтқысы келеді. Алдыңғы екі сында Ерман көп дауыс жинап, менің тобымдағы үздік орндаушы болды. Ал Ерманның кешегі сәтсіздігіне жұрт мені кіналап жатыр. Өйткені, оның орында оның орындаған әнін тәлімгері әдейі таңдаған дейді. Шын мәнінде олай емес. Кеше тікелей эфирде шырқалған «Мені сүйдің бе, шын» әнін Ерманның өзі таңдады. Ол осы әнді айтқысы келді. Бұл конкурстық ән болмаса да мен, шәкіртімнің қалауына қарсы шықпадым» дейді Нұрлан Албан. Әр концертте Ерманның жанкүйрлері көп жианалады. Кеше де залда отырып, қолдау көрсеткендердің арасында оның қолдаушылары басым болды.