Жанатаев.Д.Ж Тәжіхан.Г.Т
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Елбасымыздың осы жолдауынан еліміздің саяси тұрғыдан, экономикалық тұрғыдан дамуына аса көңіл аударғанын барлығымыз білеміз. Дегенменде, араға екі жыл салып елбасымыздың ең ауқымды жолдау жасағанын аңғаруға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтар күні жолдаған жолдауының тақырыбы
Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ деп аталатын.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Жоғарыда келтірілген жеті стратегия ішінен ең соңғы патриотизм стратегиясына үңілетін болсақ, Президентіміз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.» — деген сөздерін келтіре отыра, патриотизм дегеніміз – бұл өз Отанына, халқына, оның тарихы мен мәдениетіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі екен тілге тиек ете аламыз. Осы анықтамаларға сүйене отырып, «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай өз сөзінде: «Патриотизм дегеніміз – бұл еңбекқорлық, өз еліне деген жанкүйерлік, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау. Патриотизм рухы алдымен баланы мектеп табалдырығын аттаған кезінен бастап тәрбиелеу керектігіне сенетін мұғалімдердің ұстанымында бар. Патриотизм – барлық елдің өз Отанына деген сүйіспеншілігі. Патриот – өз мемлекетін сүйетін азамат» — деген анықтамасында айтып кеткім келіп отыр. Осы келтірілген анықтамаларға сүйене отырып, шабыттана келе өз ойымды білдіре кететін болсам, менің ойымша, патриотизмді тәрбиелеу – бұл біздің өскелең ұрпақта өз халқына деген адалдылықты, өз азаматтық борышы мен Отанын қорғаудағы конституциялық борышты өтеуге деген жоғары патриоттық сана сезімді қалыптастыруға арналған жүйелі де, мақсатты іс-әрекетіміз егер біздің сана-сезімімізден Отан, азамат, міндет деген ұғымдар жоғалып кетсе, біздің өміріміз қандай болар еді. Отан жайлы толғанушылық – әр азаматтың өмірде орын табуында, азамат ретінде қалыптасуындағы ең маңызды сәттердің бірі. Тәрбиелеу үдерісінің ең маңызды бөлшегі – бұл патриотизмді тәрбилеу, өйткені, менің ойымша, бұл — тұлғаның әлеуметтік-азаматтық, рухани дамуының негізі болып табылады деп анық айта аламын.
Сонымен қатар, еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне деген біздің көзқарасымыздың дұрыстығы, оларға деген біздің құрметіміз бен басқа халықтардың да елімде өмір сүріп жатқан теңдіктері біздің деңгейімізбен бірдей болуы керек. Осы аралықта біздің дана елбасымыздың өте әсерлі айтқан сөзін мысал ретінде келтіріп кетсек болады.
«Мен өз халқыма ризамын, біздің Президентіміз жолдауында сөзінде: «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту», -деп айтқан сөздерінен өз ойымды жеткізе кететін болсам, менің ойымша, қазақ жерінде тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді үйреніп, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті дегім келеді. Елбасымыздың жариялаған жолдауынан патриоизмге тікелей жетелейтін, ең үлкен құрал және біздің тәуелсіздігіміздің көрсеткіші өз ана тіліміз дегім келеді. Тәуелсіздігі бар, дамыған, ілеуметтік тұрғыда дәрежесі жоғары мелекет ретінде еліміздің барлық азаматы өз ана тілінде толықтай сөйлеуге міндетті деп нақты айта аламыз. Өйткені, біздің тілімізге деген құрметіміз елімізге деген құрметіміздің айқын көрсеткіші дегім келеді. Егерде еліміздің азаматтарында патриоттық сезімді жоғарылатқымыз келсе, ең алдымен ана тіліміздің құрметіне көңіл бөлуіміз аса маңызды. Осы жолдау арқасында, қазіргі таңда барлық жұмыс орындарын, сонымен қатар оқу орындарын, әлеуметтік жерлерді толықтай қазақ тілдендіруге үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Соңғы деректерге сүйенетін болсақ, еліміздің жас жеткіншектері мен мектеп оқушыларына қазақ тілінің маңызы мен оның қоғамдағы рөлі жайында ауқымды жобалардың көбейгенін де байқауға болады.
Қорыта келетін болсақ, елбасымыздың жолдауынан нағыз патриоттық жастардың келесі толқынын қалай жасап шығаруға болатыны, еліміздегі әрбір азамат өз ана тіліне деген құрметтерін көрсету арқылы нағыз патриоттық ниеттерін көрсете алатынына, Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, оларға деген құрметіміздің қаншалықты өз елімізге деген патриоттығымыздың дәрежесі екен анықтауға көмектескенін айта аламыз. Сонымен қатар, еліміздің нағыз жанашыры мен патриот азаматы ретінде өз елімді құрметтеп, оған адал қызмет етуге, сонымен қатар келешек ұрпақты да жанашыр ,дамыған, патриот ұрпақ болуына өз үлесімді аянбай беруге дайын екенімді жеткіземін.
Қолданылған деректер:
https://www.qazaq-found.kz/kaz/?p=1326
https://www.akorda.kz/kz/events/astana_kazakhstan/participation_in_events/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-elbasy-nenazarbaevtyn-kazakstan-2050-strategiyasy-kalyptaskan-memlekettin-zhana-sayasi-bagyty-atty-kaza